Тыйым салынған: Ресей депутаты Қазақстанға кіре алмады

Ресей саясаткері, депутат Константин Затулин Қазақстанға кіре алмады. Бұл туралы  «Sputnik Ближнее зарубежье» Telegram арнасы жазды. Бұған дейін Затулин Қазақстанның тарихи жеріне көз алартып, аумақтық тұтастығына күмән келтірген болатын.


KMO_135508_00118_1_t218_191458.jpg

 

Агенттіктің жазуы бойынша паспорт тексеру аймағында оны Қазақстанға өткізбей қойған. 2022 жылы Затулин Қазақстанға қатысты даулы пікір айтқан болатын.

 

Ол Қазақстан президенті Тоқаевтың Луганск және Донецк сепаратистері жариялаған «мемлекетті» мойындамайтынын айтқаннан кейін, Қазақстанда Украина сценарийі қайталануы мүмкін деген пікір айтып, Қазақстанның бірқатар аймағы тарихи тұрғыдан Ресейге тиесілі деген болатын.  


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар