«Вагнер» жеке әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожин вагнерліктердің ұрыс даласынан кететінін айтты.
«Біз жаулап алуға уәде еткен барлық аумақты жаулап алдық. Хромово бағытындағы шабуылға қосылмаймыз»,- дейді ол. Хромово Бахмут маңындағы елді-мекен.
Ол Бахмутты Ресей қорғаныс министрлігіне өткізіп, позициясын тапсырғаннан кейін әскерін шығаратынын мәлімдеді.
«1 маусымда ұрыс даласында Вагнердің бірде бір жауынгері болмайды. Біз жауынгерлерімізді ұрыс даласынан әкетіп, Вагнерді жасақтау, қажетті қарумен қамтамасыз ету, оқыту процестерін іске асырамыз», - дейді Пригожин. 20 мамыр күні Пригожин Бахмутты жаулап алғанын айтқан еді.
Mezgil.kz