"Тозақтан шықтық": Ресейлік 500 сарбаздың 130 ғана тірі қалды

Ресейде мобилизацияланғандардың жақындары жиналып, Путинге үндеу жариялады. Олар ұрыс даласындағы жағдайдың өте ауыр екенін, сарбаздардың қырылып жатқанын айтып, Ресей президентінен көмек сұраған.


157308-177326-756x425.jpg

 

Алтай аймағы, Хакасия және Кемеров облысының тұрғындары «Путин, көмектес!» атты акцияны бастады. Үндеуде олар былай дейді: «12 мамыр күні біздің жауынгерлерден алғашқы ақпарат келді. Олар Бахмут бағытындағы алдыңғы шепте екенін айтты. Оларды не байланыспен, не қарумен, не білікті басшылықпен қамтамасыз етпеген. Олар шабуылға еш дайындықсыз барған. Арнайы жасақ атқаруға тиіс міндеттерді атқарған. Тіпті ауыр техниканың қолдауынсыз ұрысқа кіруге мәжбүр болған. Танкке автоматпен шабуылдаған. Қазіргі уақытта шабуылға шыққан взводтардың барлығы дерлік қайтып келді дей алмаймыз. Жоғалып кеткендер, қаза тапқандар, жараланғандар өте көп. Жігіттер нағыз тозақтан шықтық дейді. 500 сарбаздан 130 сарбаз ғана қайта оралған. Бұл 19 мамырдағы ақпарат. Ал ресми ақпаратта бұл жайлы айтпайды, барлығы жақсы дегенді қайталап келеді. Путин мырза, мобилизацияланғандар ұрысқа жіберілмей, қорғаныс шебінде болады деп едіңіз. Көмектесіңіз, оларды артқы шепке жіберіп, жоғалғандарды табуға қол ұшын созыңыз».

 

Бұл ресейліктердің алғашқы үндеуі емес. Ресей әлеуметтік желісінде үндеулер жетерлік. Тек Кремль оларды елемеген кейіп танытуда, ал үндеу иесіне айыппұл салып, қорқыту жиі кездеседі.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар