Белгород, Қырым, Мариуполь: Ресей жаппай қорғанысқа көшуде...

Кешелі-бері Ресейдің Белгород облысында «Азат Ресей» легионының және «Орыс еріктілері корпусының» жауынгерлері ұрыс жүргізіп жатыр. Арнайы жасақтар бірнеше әскери бекетке дронмен және ауыр техникамен шабуыл жасаған. Ресей «контр-террорлық операция» бастап, ол бүгін де жалғасып жатыр.

еноео.jpg

Ресей билігі: «Бұл диверсиялық топтың артында Украина тұр», - деп айыптаса, Украина билігі: «Бұл Ресейдің өз ішіндегі қарсылық күштері. Біздің еш қатысымыз жоқ», - деп мәлімдеді.


243031a325bf307dec35e34b5992edc2.jpg


Британ барлауы: «Ресей соңғы уақыттары өз қауіпсіздігіне төнген зор қауіпке тап келді. Әскери ұшақтарынан айырылды, теміржолда қолдан жасалған жарылғыш заттар жиіледі. Енді партизандық топтардың шабуылына ұрынды. Белгородтағы жағдайды «Ресей еріктілері» жасағы өз мойнына алды. Десе де, Ресей билігі бұл оқиғаны Халықаралық қауымдастық алдында өзін жәбірленуші ретінде көрсету үшін пайдаланады», - деп жазады.


Ал BBC агенттігі спутниктік суреттерді дәлел ретінде келтіре отырып, соңғы айларда Ресей қорғанысқа мықтап көшкенін жазыпты.

«Украинаның қарсы шабуылы қарсаңында Ресей қорғанысқа көшіп жатыр. Оның дәлелі спутниктік суреттер. Онда жағажай бойына орнатылған танкке қарсы тас бөгеттер, қазылған окоптар анық көрінеді», - деп жазады агенттік.


Украина ауқымды қарсы шабуылды әне-міне бастап кетудің алдында тұр. Ал Ресейдің әскери басшылығы былтырғы қазан айынан бастап қорғаныстың қамына кірісе бастаған. ВВС агенттігі жүздеген спутник суреттерін зерттеп, қорғанысқа даярланып жатқан негізгі төрт орынды анықтаған.

1684830825821852.png


1.       Қырымның батыс жағалауы

2014 жылы Ресей аннекциялап алған Қырым қайсыбір жылдарға дейін курорттық аймақ еді. Оның жағажайлары шетелдіктер жиі табан тірейтін орын болған. Қазір 25 шақырымға созылып жатқан бұл жағажайлар қорғаныс құрылғыларымен жабдықталуда. Онда «айдаһардың азуы» деп аталатын тас бөгеттер орналастырылған. Оның артында терең траншеялар қазылған. Сондай-ақ, жағажай маңында арнайы бункерлердің тұрғызылғанын көруге болады.


1684830884572106.png


Сарапшылар, бұл қорғаныстан гөрі сақтық үшін жасалып жатқан қадамдар болуы мүмкін екенін айтады. «Мәскеу Украина теңізден шабуылдайды деп күтпейді. Өйткені, Украина флоты сонау айтқандай ауқымды емес», - дейді.  


1684830934943123.png


2.       Токмак

Токмак Запорож облысындағы шағын қала. Оңтүстік-шығыс бағыттағы маңызды нүкте. Украна бұл нүктені бағындырса, Қырымның Ресей бақылап отырған басқа территориялармен байланысын үзе алады.

Ресей билігі Токмак пен оған жақын елдімекендердегі халықты көшіріп шығарған. Себебі, қаланы әскери бекініске айналдыруды көздеп отыр.

1684830981739824.png


Спутник суреттері Токмактан солтүстікке қарай 2 қатар траншеялар қазылғанын көрсетеді. Бұл Украина шабуылдауы мүмкін деген бағыт.


1684831014668688.png


Бұл траншеялардан кейін 3 қатар «айдаһардың азулары» орналастырылған. Одан әрі танкке қарсы қазылған шұңқырларды байқауға болады. Олар 2,5 метр тереңдікте қазылған. Бұл кедергіден кейін тағы бірнеше қатар «айдаһар азулары» мен 1 қатар траншея қазылған. Бұл қазылған траншеялардың арасы миналанған болуы мүмкін.


1684831052758622.png

3.       Е105 автожолы

Токмактан батысқа қарай Е105 автомагистралі орналасқан. Бұл жолда 35 шақырымға созылған танкке қарсы шұңқырлар мен траншеялар қазылған.


Е105 автомагистралі стратегиялық маңызды нүкте. Ол Ресей оккупациясындағы Мелитополь мен Украина азат еткен Харьковті байланыстырады. Демек, бұл нүктені бағындыру аймақта әскерді еркін алып жүруге мүмкіндік туғызады. Сондықтан, бұл нүкте үшін қырғын шайқас болады.


1684831101329850.png

4.       Ровнополь

Мариуполь порты стратегиялық маңызды нүкте. Украинаның шығысындағы Ресей оккупациялап алған аймақтар мен Қырымның ортасында орналасқан. Мариуполь шайқасының қалай болғанынан хабардар боларсыз. Украина әскері дәл осы Мариупольде Ресей басқыншыларына табанды қарсылық көрсетіп, ең ақырына дейін берілген жоқ.


Ал енді Ресей дәл осы Мариупольді азат ету үшін Украина бар күшін салады деп күтіп отыр. Мариупольден солтүстікке қарай 55 шақырым жерде терең траншеялар қазылғанын спутник суреттері әшкерелереген. Бұл траншеялар шеңбер формасында қазылған. Мұндай шеңбер траншеялар сарбаздарға жасырынуға және артиллерияның еркін қозғалуына мүмкіндік береді.


Сарапшылардың пікірінше, спутник суреттері және барлаушы дрондардың көмігімен Украина Қарулы күштері бұл дайындалған қорғаныс нүктелерін жақсы зерттеп біліп отыр. Және бұл кедергілерді еңсерудің амалын қарастыруда.


Сарапшылар сондай-ақ, бұл Ресейдің қорғаныс жоспарының бір бөлігі ғана екенін айтады.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар