Ресейге шабуыл жасаған "Азат Ресей" легионы кімдер?

Ресейдің Белгород облысына күні кеше бір топ қарулы диверсант шабуыл жасады. Олар Украина аумағы арқылы Белгород облысына кіріп, шекаралас орналасқан бірнеше әскери бекетке соққы жасап, ауылдық аймақтарды өз бақылауына алуға тырысқан. Бұл Ресей медиасында басты талқыланған ақпараттың бірі болды.


tvbbty97nwl3.jpg

 

О баста Кремль шабуылға қатысты тіс жармады. Ауыз ашпады. Құдды бір шабуыл болмағандай кейіп танытты. Алайда артынша диверсанттар әскери бекетті басып алғанын, бронды техникамен елді-мекендерге кіріп жатқанын көрсеткен видеоларды жариялады. Ресей Белгород облысында антитеррор операциясын жариялап, диверсанттар мен Ресей әскері арасында ұрыс басталды. Мәскеу тікұшақтарды қолдануда.

 

О баста украин диверсанттары деп аталған топ, өздерін Украина әскеріне тікелей қатысы жоқтығын айтуда. Шабуыл жасаушы топтың бірі өткен жылы құрылған «Свобода России» легионы. Легион ресми түрде 2022 жылы 10-наурызда құрылған болатын. Легионның топ құрамы Украина тарапына өткен ресейлік сарбаздар мен тұтқынға түсіп, Ресейге қарсы соғысуға келіскендер. Оларды ұрыс қимылына кәсіби украин жаттықтырушылары дайындайды.

 

Легион о баста Украина шығысындағы ресейлік диверсанттарды анықтау және жою операцияларына қатысты. Ал кей Батыстық ақпарат көздері легионның жауынгерлік қабілетіне күмән келтірген болатын. 2023 жылы 22-мамырда «Ресей ерікті корпусымен» бірлесе отырып Белгород облысына шабуыл жасады. Грайворон ауданындағы бірнеше елді-мекеннің әкімшілік ғимараттарын өз бақылауын алып, шабуылды үдете түсті. Қазіргі уақытта легионның құрамында 1500-ге жуық адам бар дейді ашық дереккөздер. Легионның қаржыландырылуын ресейлік оппозиция өкілдері де іске асырады деген мәлімет бар.

 

Легион өзінің туы ретінде ақ-көк-ақ жолақты туды таңдап алды. Бұл Украинаға қарсы соғыстың бір символі саналады. Тудың ортасында түйілген жұдырық пен «Азат Ресей» атты сөз жазылған.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар