Лукашенко: Өлейін деп тұрған мен жоқ, жігіттер!

Мәскеудегі парадтан кейін төбе көрсетпей кеткен Беларусь президенті Александр Лукашенко өзін науқас дегендерге жауап беріпті. Денсаулық сақтау саласына арналған кеңеске қатысқан ол мұнымен қоймай, дөкейлерге дөңайбат көрсетті ұрысты. «Пул Первого» Telegram-арнасы дәл осы видеосын жариялады.


photo_430094.jpeg


Лукашенко кеңесте елдегі денсаулық саласына қыруар ақша бөлінгенімен, ешқандай нәтиже бермей жатқанын, ал өзінің денсаулығына қатысты айтылып жатқан әңгіменің өтірік екенін, қара жерді жамылып жата қалуды әзір ойламайтынын айтты.


«Жігіттер, денсаулық саласына қатысты мәселе шаш етектен. Егер жағдай реттелмесе, мен ешкімді аямаймын. Ешкімді аямаймын! Ал егер біреу мені өледі деп ойласа, сабыр сақтасын. Бұл – мессенджерлер мен Telegram-арналарда шыққан бос әңгеме. Мені аденовируспен ауырды дей ме? Ол қандай ауру? Оны үш-ақ күнде емдейді. Бірақ менде емделуге мүмкіндік болмады. Біресе Мәскеуге, біресе Ленинградқа бардым. Сенбілікке қатысуым керек болды. Сосын мені алаңға шақырды. Одан кейін Гомельге жол жүрдім. Жұмыстың бәрі жиналып қалды. Сондықтан өлейін деп тұрған мен жоқ, жігіттер! Менімен әлі ұзақ қиналасыңдар», – деді Беларусь президенті.


Бұл – Мәскеудегі парадтан кейін аққұлақ президенттің ел алдына екінші рет шығуы.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар