Гитлердің табынушысы Байденді өлтірмек болды

Вашингтондағы Ақ үйдің қоршауын жүк көлігімен соққан жас жігіт АҚШ президентін өлтірмек болған. Бұл туралы сот құжаттарына сілтеме жасап, американың «NBC» телекомпаниясы хабарлады.

керкр.jpg

Оқиға 22 мамырда болған. Миссури штатының 19 жастағы тұрғыны Сай Варшит Кандула шабуылды жарты жыл бойы жоспарлаған.


Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.


Кандула жауап алу кезінде «нацистерге сүйсінетінін» және «билікті басып алғысы келетінін» айтқан. Ол өзімен бірге свастика туын (нацистік Германия) алып жүрген. Өзінің айтуынша, оны интернет дүкеннен сатып алған. «Нацистердің ұлы тарихы бар», - деген жас жігіт Гитлерді «күшті көшбасшы» деп атады..


Телекомпания таратқан ақпаратқа сүйенсек, Кандула Ақ үйге жасырын кіріп, билікті басып алып, ұлтқа басшылық етуді көздегенін жасырмапты. Ал құжаттарда «Агенттер Кандуланың билікті қалай басып алатынын сұрағанда, ол президентті өлтіретінін және оның жолында тұрған кез келген адамға зиянын тигізетінін айтты», – делінген.


Кандула президентті өлтіру ниеті, сондай-ақ қауіпті қарумен шабуыл жасау, абайсызда көлік жүргізу, федералды мүлікке зиян келтіру және қорғалатын аумаққа заңсыз кіргені үшін айыпталған. Оның ісін тергеуге АҚШ құпия қызметі мен Федералдық тергеу бюросы тартылған. 23 мамырда оның үйінде тінту жұмыстары жүргізілді.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар