Путиннің қолындағы ескі карта: Украина қайда?

Екі күн бұрын Ресей президенті Владимир Путин Конституциялық соттың төрағасы Валерий Зорькинмен кездесті. Кездесуге Зорькин ескі картаны ала келіпті. Екеуінің кездесуін барлық ресейлік арналар көрсетті.  


797748_big_2f8be39414.jpg

 

Зорькин француз патшасы Людовик XIV тұсында жасалған ескі картаны әкеліп, Путинге көрсетуге бел будым дейді. Ол картада Украина жоқ екенін айтты, ал Путин оның сөзімен келісіп, бас изейді. Бұл кездесудің сюжеті Белгород облысына Украина тарапынан диверсиялық топтар кіріп кеткен сәтте арналардан көрсетіле бастады.  

 

Осылайша Путин «тарихи негізде Украина жоқ» деген сөзін көне карта арқылы да қуаттағысы келгендей. Араға бір күн салып Ресей басшысы шенеуніктер мен әскери элита өкілдерімен кездесті, артынша тағы бір мәрте «Украина деген КСРО құрылғанға дейін мүлде болмаған» дегенді айтты.


Сарапшылар бұл картаның тарихи растығына күмән келтіруде. «Ал дәл осы сюжетті көрсету арқылы Путин мен Ресей билігі Украинаның мемлекет ретінде өмір сүру құқығы жоқ» дегенді өз аудиториясына көрсеткісі келеді дейді.  


Mezgil.kz





Ұқсас тақырыптар