Ресейдің МемДумасы азаматтардың шетелдік паспортын (загранпаспорт) алып қоюға қатысты шу болған заңды ақыры қабылданды.
Заң түбегейлі былай аталады: «Ресей Федерациясына кіру және шығу туралы ережелер». Заң Ресей азаматтарынан шетелдік паспортын алып қою және оны жарамсыз деп тануға мүмкіндік береді. Заң үшінші оқылым мен талқылаудан кейін түбегейлі қабылданып отыр. Депутаттар заңды осыдан екі жыл бұрын, 2021 жылдың 12 тамызында алғашқы талқылауға ұсынған болатын.
Бірқатар азаматтардың шетелдік паспортын жарамсыз деп тануға себептер жетерлік дейді ресейлік депутаттар. Ол аты-жөнін ауыстыру, жынысын өзгерту немесе жеке басына қатысты мәліметті өзгерту, Ресей азаматтығынан бас тарту және басқа. Ресейдің жаңа заңына сәйкес енді Ресей қара тізімге енгізген шетел компаниясына тұрса немесе мемлекеттік құпия сақталатын органдарға қызметке кірсе, онда шетелдік паспорты азаматтан алынады. Сонымен бірге шетелдік паспортын ІІМ бөлімшелеріне 5 күннің ішінде әскери қызметке шақыртылған, военкоматтан повестка алғандар да өткізуге тиіс.
Сарапшылар бұл елден азаматтарды шығаруға кедергі жасап, жаппай мобилизация жүргізудің бір қадамы дегенді айтуда. Ал Батыстық сарапшылар бұл адам құқығын таптаңдың өрескел түрі деп атады.
Mezgil.kz