Михаил Подоляк: Украинаның қарсы шабуылы басталды!

«Украина қарулы күштерінің қарсы шабуылы басталып кетті», – деп мәлімдеді Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк Итальяның «TG1» телеарнасына берген сұхбатында.

роро.jpg

Оның сөзіне қарағанда, бір жарым мың шақырымға созылған майданның жекелеген секторларында украин әскерлері бірнеше күннен бері қарсы шабуылдау операциясын жүргізіп жатқан көрінеді.


Подоляк Украинаның Батыстың одақтастарынан алған қаруын Ресей жерінде соғыс қимылдарын жүргізу үшін пайдаланбайтынын, бірақ  басқыншылардың қолына өткен жерлерін, әсіресе Қырымды азат ету үшін қолданатынын айтты.


«Бізде Франция мен Италия жеткізіп берген Storm Shadow алысқа ұшатын зымырандар, «Барыстар», сондай-ақ зымыранға қарсы жүйелер бар. Ал F-16 жойғыштары бізге әуе кеңістігін жабуға мүмкіндік береді. Аталған техникалар қолымызға бір жыл бұрын тигенде соғыс әлдеқашан аяқталған болар еді», – деді ол.


Украина қарулы күштері қыстан бері қарсы шабуылға дайындалып жатыр. 11 мамырда президент Владимир Зеленский Украинаға серіктестері уәде еткен қару-жарақ әлі толық жеткізілмегендіктен қарсы шабуылды ұйымдастыру үшін Киевке тағы біраз уақыт қажет екенін айтты.


Вагнер ПМК басшысы Евгений Пригожин бұған дейін Украина билігі айлакер, ал Украина Қарулы күштерінің қарсы шабуылы қазірдің өзінде кейбір жерлерде қызу жүріп жатқанын айтқан.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар