Армения мен Әзербайжан өзара аумақтық тұтастықтарын мойындауға келісті. Бұл туралы Армения премьері Никол Пашинян мәлімдеді.
Пашинян Армения тарапынан Бакуге қатысты туындаған барлық логистикалық кедергіні жойып, экономикалық дәліздерді ашуға дайын екенін айтты. Ал Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиев Баку мен Ереван бейбіт келісімге келе алатынын, себебі Армения Қарабақты Әзербайжан жері деп мойындауға дайын екенін тілге тиек етті.
Армения мен Әзербайжан арасындағы келіссөздерден кейін, екі ел арасында әзірге екі құжатқа қол қойылу күтілуде. Логистикалық кедергілерді жою туралы құжат және Әлиев, Пашинян және Путиннің қатысуымен Армения мен Әзербайжанның аумақтық тұтастығын мойындау туралы үндеу. Дәл осындай құжатқа осымен бесінші мәрте қол қойылып отыр.
Дүйсенбі күні Армения премьері Пашинян Қарабақты Әзербайжан жері деп мойындауға дайын екенін айтқан еді. «Егер Әзербайжан Қарабақтағы армян халқының қауіпсіздігіне кепілдік берсе, онда біз Қарабақты Әзербайжан жері деп мойындауға дайынбыз» деген болатын.
Mezgil.kz