Лукашенко Тоқаевқа: Бізге қосыл, ядролық қаруларың болады!

Өткенде Мәскеуде ЕАЭО-ның кезекті босқосуы өткенін білесіздер. Оған одаққа мүше мемлекеттердің лидерлері түгел дерлік барып қатысты. Кезек-кезек сөз алды. Ой-пікірлерін ортаға салды.

ркер.jpg

Сол жиында сөз алған Қазақстан президенті Тоқаев біздің ойымыз «Ресейдің төңірегіне жиналу емес, тек экономикалық мақсатта тең құқылы одақтас болу» дегенді айтты. Тоқаев өз сөзінде одақ ішінен одақ құрған Ресей мен Беларусьтің жағдайына тоқталып:


«Біздің ЕАЭО-да одақтас мемлекеттер бар, яғни әлемдік саяси тарихта бірегей прецедент немесе феномен аталады. Ол ортақ саяси, заңдық, әскери, экономикалық, валюталық, мәдени, гуманитарлық кеңістігі бар, одақтас үкіметі бар, одақтас парламенті бар «екі ел – бір мемлекет» формуласы бойынша мемлекеттер. Кешіріңіз, тіпті, ядролық қарудың өзі екі елге ортақ.  Бірақ Қазақстан, Қырғызстан және Армения ұсынған интеграцияның жөні бөлек. Бізбен санасу керек. Бұл жағдайда қалай бірге жұмыс істейміз? Менің ойымша, осы мәселені талқылауымыз керек», - деді Тоқаев. 


Қазақстан президентінің осы сөздері біразға дейін пост-кеңестік елдердің ақпарат кеңестігінде талқыланып жатты. Ал сол жиыннан соң іле-шала сөз алып, Ресейлік БАҚ-қа, «Москва. Кремль. Путин» бағдарламасына пікір айтқан Беларусь басшысы Александр Лукашенко ашықтан-ашық, «одақтас мемлекетке» қосылуға шақырыпты. «Бізге қосылсаңдар, ядролық қаруларың болады», - дейді.


346852790978068.jpg


Александр Лукашенко:


«Мен Қасым-Жомарт Тоқаев дәл осы мәселеге қатысты (Ресей мен Беларусьтің «одақтас республикасына» - ред.) алаңдап отыр деп ойламаймын. Өздері блісін. Қазақстанның өзге мемлекеттермен дәл біздікіндей, Ресей мен Беларусьтікіндей тығыз қарым-қатынасы болуыне ешкім қарсы емес. ол деген оп-оңай. Ресей мен Беларусьтің «одағына» қосылу керек. сонда барлығымызда да ядролық қару болады. Бұл менің жеке пікірім. Бұл жалпы мүмкін дүние деп есептеймін. Стратегиялық жағынан біздің бірігуіміздің таптырмас мүмкіндігі туғанын түсінуіміз керек», - депті.


Мәскеу сапарынан соң Ақорданың баспасөз қызметі «Қазақстанның ешқандай саяси одаққа мүшелікке өтуге ниетті емес» екенін ресми мәлімдеген еді.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар