Ноғайлар: Армия жасақтап, Ресейден Тәуелсіздік аламыз!

«Азат Ноғайстан» деп аталатын ноғайлардың азаттық алуын қолдайтын һәм сол мақсатта құрылған Халықаралық қозғалыс жуырда өздерінің (Ноайстанның – ред.) армиясын жасақтайтынын және тәуелсіздік үшін күреске дайындалып жатқанын мәлімдеді.


1685359057248217.jpg


Ресми хабарламада:


«Ноғай халқының Жоғарғы Кеңесі мен Ноғай тәуелсіздігі үшін құрылған «Азат Ноғайстан» Халықаралық қозғалысы өз армиясын жасақтайтынын және жуықта болатын Ресейдің ыдырауына дайындықты бастау керектігін мәлімдейді.


Қазіргі уақытта Бас штаб жасақталды. Оған 94-2013 жылдары Ресеймен қарулы қақтығысқа қатысқан офицерлер, бірінші және екінші орыс-шешен соғысына қатысушылар кірді.


а 1.jpg


Тәуелсіз Ноғайстан армиясының мақсат-міндеті – біздің жерлерімізді орыс оккупанттарынан азат ету, сондай-ақ, Ноғайстан тәуелсіздігін қорғау, біздің азаматтарымызды сыртқы агрессорлардан қорғау!», - делінген.


а 2.jpg


Осыған дейін Ноғайстан тәуелсіздігін жақтаушылар Ноғай Республикасының астанасы етіп – Астраханды бекіту туралы шешімге келген. «Азат Ноғай Елі» қозғалысының көшбасшыларының бірі Едіге Бекмызраев:


«Қолымызда бар тарихи мәліметтерге арқа сүйейтін болсақ, орта ғасырда Астрахан Ноғай астанасы болған. Бұған мұрағат құжаттары дәлел. Сондықтан да, Ноғай республикасының астанасы – Астарахан болуы керек деп есептейміз. Оның үстіне Астрахан облысында 80-100 мыңға жуық ноғай өмір сүріп жатыр», - дейді.


Ол өз сөзінде: «Ноғайлар бөлек халық. 1783 жылы Екатерина II Суворовтың қолымен ноғайларға геноцид жасауды бастады. Ол кезде жарты миллионға жуық ноғай қасақана өлтірілді. Соның ішінде балалар мен әйелдер де бар. Ал біздің халықтың тағы бір едәуір бөлігі Осман империясына өтіп кетті. Нәтижесінде біз өз жерімізде әртүрлі этникалық топтардың арасына шашырап кеттік. Ставрополь аймағы мен бес Қазқаз республикасында 100 мыңға жуық, Астанахан облысында тағы 100 мыңға жуық ноғай өмір сүріп жатырмыз», - дейді.


Қазір Ресей құрамындағы ноғайлар Солтүстік Қапқаз аймақтарында – Дағыстанда, Қарашай-Шеркеште, Ставрополь мен Шешенстанда тұрып жатыр. Ал Астарахандағы ноғайлардың саны ресми статистикада 8 мыңға жуық деп көрсетілген.


Айта кетейік, осыған дейін Ноғай белсенділері Әнуар Құрманқаев пен Едіге Бекмырзаевтар Украина президенті Владимир Зеленскийге үндеу жолдап, Украина Жоғарғы Радасынан Ноғай Республикасының тәуелсіздігін мойындауын сұраған.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар