Қылмыс: Ресей әскері Украинада ГЭС-ті жарып жіберді

6 маусым күні Ресей әскері Украинаның Херсон аймағындағы Каховка ГЭС-ін жарып жіберді. Су қоймасының жарылуынан кемі 80 елді-мекен су астында қалу қаупі бар. Украина билігі су астында қалуы мүмкін аймақтың халқын эвакуациялауды бастады.


5.jpg

 

Президент Зеленский шұғыл арада жиын өткізіп, оқиғаны террорлық әрекет деп атады. «Ресей лаңкестері тағы бір террорлық акт жасады. ХХІ ғасырда табиғи апатты қолдан жасап отыр. Ресей әскерін Украина жерінен толық қуып шығуға тиіспіз. Бір метр жерді де беруге болмайды. Себебі олар жаулап алған аймақта террорлық әрекетін жалғастыра бермек», - деді ол.

 

Қазіргі уақытта эвакуациялауға тиіс халықтың саны 16 мыңнан асады. Оларды Украина әскері қауіпсіз аймаққа шығару мақсатында автобустар мен поездарды қолданбақ. Херсон қаласынан Николаев қаласына эвакуациялық поез қатынайтын болмақ. Украина билігі эвакуациялау барысында Ресей әскері зымыран соққысын жасауы ықтимал деп қауіптенуде.

 

Ресей билігі ГЭС-ті Украина әскері жарды деп мәлімдеді. Олардың айтуынша Украина артиллериялық соққы жасап, Ресейді айыптау мақсатында ГЭС-ті қасақана жарған. Ал Ұлыбритания барлау қызметі «ГЭС-ті Ресей жарды, басты мақсаты Украинаның қарымта шабуылын тоқтату» деп мәлімдеді.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар