Ресейді түбегейлі ығыстырмақ: Иран газ гигантына айналуда

Иран Эселуйе аймағында Ресей, Түркіменстан мен Катардың қатысуымен газ хабын құруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Иранның мұнай министрі Джавад Оуджи айтты.


 export-iran-gas.jpg


«Біз газ қоры бойынша әлемде екінші орын аламыз. Ресей, Катар, Түркіменстанның қатысуы бойынша газ хабын құрамыз, ол  Эселуйе аймағында болады», – деді ол.  

 

Мамырда Тегеран мен Мәскеу Иран жеріндегі ондаған мұнай және газ кеніші жайлы талқы өткізген еді. Ресей вице-премьері Александр Новак бұл жобалардың кейбірі басталып кеткенін де мәлімдеді.

 

Иран мұнай және газ саласына салатын инвестицияны арттырмақ. Мұнай-химия өнеркәсібіндегі үлесті 92 млн тоннадан 140 млн тоннаға дейін арттыруды ойлап отыр.  Ақпан айында Иран Ресей мен түркімен газын кез келген бағытта жеткізуді ұсынған еді. Иран газ өндірісіне қатысты құрал-жабдықтың 85 пайызын өз аумағында жасайды. Сол арқылы ол енді Ресей нарығындағы газ саласын дамытуға үлес қосуға болатынын айтуда.

 

Иран Батыспен ядролық бағдарлама бойынша келісімге келу мәселесінде қиындықтарға тап болуда. Алайда Иранның бұғатталған есепшоттарын батыс санкциядан алып тастаса, Иран Еуропа елдеріне газ жеткізуге ниетті. Бұл Ресейді Еуропадағы газ нарығынан түбегейлі шығарып тастайтын еді.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар