Лукашенко: ГЭС-ті Киев жарды, Ресей кінәсіз!

«Каховка ГЭС-ін Ресей жарды ма, Украина жарды ма» деген сұрақ аясында саяси пікірталас жалғасуда. Киев Мәскеуді, Мәскеу Киевті айыптауда. Бұл сұраққа Беларусь басшысы Лукашенко да өз ойын айтты. Оның ойынша су қоймасын Киевтің өзі жарып жіберген.  


1863514467_0_158_3011_1852_1920x0_80_0_0_17ed07f4d71d9504d4b11db59191c8bb.jpg

 

«Каховка ГЭС-ін кім жарып жібергенін сезіп отырған боларсыздар. Сезікті секірер деген сөз бар. Ең бірінші болып су қоймасы жарылды деп кім айтып, кім шу шығара бастады?! Украина үш күндік қарсы шабуылда үлкен шығынға ұшырады. Екі жүзден астам техника және екі мыңнан астам сарбазы опат болды. Міне, осы жайтты қоғамда басқа мәселемен бүркемелеу қажет болды», — деді Лукашенко.

 

6 маусым күні Ресей тарапы Каховка ГЭС-ін жарып жіберді. Ұлыбритания барлау қызметінің мәліметінше Мәскеу Украинаның қарымта шабуылын тоқтату үшін осындай қадамға барған. Ал Ресей барлық айыпты Украинаға танып отыр.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар