Абай облысындағы өрт: Қазіргі ахуал қандай?

Биылғы жылы жаз айы құрғақшылыққа толы болуына байланысты Абай облысындағы орман өртінінің болу мүмкіндігі артта түсті. Осыған дейін «Семей орман» қарасты «Ауыл» оршарында бір аптаға созылған орман өрті орын алса, енді міне, тағыда сол Бородулиха ауданына қарасты облыс орталғынан 40 шақырым жердегі «Батпай» оршарында өрт орын алып, аймақ бойынша төтенше жағдай жарияланды.


1686386763951131.jpg


Дәл қазір тілсіз жаудан 3 орманшы қазақ тапса, 11 орманшы іздестірілуде. Осыған орай, Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр ТЖМ жанындағы Ахуалдық орталық базасында Жедел Республикалық штаб отырысын өткізіп, өртті сөндіруге 662 адам және 177 техника, 6 тікұшақ жұмылдырылды. Бұған қосымша Астана қаласы және Қарағанды облысынан қосымша 133 адам және 48 техника, 4 тікұшақ жіберу туралы шешім қабылданған еді. Нәтижесінде түрлі ұшақ түрімен 80 рет жалпы көлемі 192 тонна су шашылды.


Кеше 9 күні Бородулихаға қарасты Новопокровка ауылында жаңбыр жауғанымен, өртенген аймаққа бір тамшы тамбады. Қайта күшті дауыл өртті аудан орталығы Бородулихаға қарай өршітіп жіберді, облыс әкімшілігі штаб құрып, жедел желілер іске қосылды. Өртке жақын орналасқан Жақсылық және Дүйсекен ауылдарының тұрғындары уақытша көшірілді. Семейдің іргесіндегі Талица, Половинка, Каштак ауылдарының 51 тұрғыны қаладағы екі колледждің жатақханасына орналасырылды. Бірақ өрттің түтіні Семей қаласын торлап алды.


Республиканың түпкір-түпкірінен еріктілер мен қосымша күштер жұмылдырылуда. Әзірше қолдағы ақпарат көздері бойынша 60 мың гектар жердің орманы жанып кетті. Республикалық түрлі телеарналар өрт болған жерден тұрақты түрде репортаждар беріп, мазасызданған жұртты сабасына түсіруде.


Қазір жағдай тұрақталып келеді. Осы тұрақтылыққа басты себеп айтпай келелетін тіл жаумен күресуде тәжірибе жинаған облыс әкімшілігін әбжілдігі дер едік.


Абай облысы ТЖД бастығы Ернар Жәлелов 24 арнаға берген сұхбатында: «Абай облысындағы өртті сөндіру жалғасып жатыр. Жеке құрам күні-түні жұмыс атқарып жатыр. Бүгінгі күнде 3 ауылға өрт қаупі бар. Тұрғындар өз еркімен эвакуацияланған. Өрт болған аумақта таңертеңнен бері авиация 80 рет, жалпы көлемі 263 тонна су төккен. Қазір өзге өңірлерден қосымша көмек келіп жатыр. Астанадан 80-ге жуық құтқарушы, 17 техника барды. Қарағандыдан 29 адам мен 6 техника қазір Бородулиха ауданына жетті. Шығыс Қазақстан облысынан 15 адам мен 5 техника таңнан бері отты өшіруге атсалысып жатыр. Жақын арада Алматы, Жетісу, Қызылорда облыстарының құтқарушылары келеді», - деп мән-жайға қанықтырды.


Келген зиян өрт ауыздықталған соң, жалпы алашы баласына жария етіледі. Әзірше өрттің бетін қайтару бағытында алғашқы жіті қадамдар жасала бастады.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар