Украина әскері қарсы шабуылды үдете түсті. Президент Зеленский Батыс БАҚ-тарына берген сұхбатында Украина қарсы шабуылды бастағанын, жақында жақсы нәтижелер болатынын айтқан еді.
Украина Қорғаныс министрлігінің орынбасары Анна Маляр Донецк аймағында басқыншылар қолынан бірнеше елді-мекеннің азат етілгенін айтты. 11 маусым күні Маляр Благодатное мен Макаровка елді-мекендері азат етілгенін айтса, 12 маусымда Сторожевое елді-мекені қайтарылғанын жеткізді.
"Сторожевое елді-мекенінде Украинаның мемлекеттік туы тігілді. Украина жерін толық азат етіп, барлық аймаққа өз туымызды тігеміз", – деді ол. "Арей" ерікті жасағы Нескучное елді-мекенін азат еткенін жариялап, арнайы видео түсірді.
Британдық барлау қызметтері Украина әскері 11 маусым күні бірнеше елді-мекенді азат еткенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта Украина Запорожье аймағы мен Бахмут маңында алға жылжи білгенін айтты. Ресей әскері Украинаның қарсы шабуылын тоқтату үшін алқаптарды миналап, жүздеген шақырымға созылған терең орлар қазып тастаған болатын. Бұл Украина әскерінің алға жылжу жылдамдығын азайтса да, толық тоқтата алмауда.
Mezgil.kz