Өзбектегі сайлау: Шавкат ака 2040 жылды бетке алып шықты...

9 шілдеде Өзбекстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Бұл президенттің өкілеттігін бес жылдан жеті жылға ұзарту туралы конституцияға өзгертулер енгізілгеннен кейінгі алғашқы сайлау болмақ.


1686642183393579.jpg


Конституциялық заңға сәйкес, екінші мерзімге қайта сайланған елдің қазіргі басшысы Мирзиеев бұл қызметке қайтадан Президент сайлауына қайта түспек.


Жалпы Президенттікке ұсынылған кандидаттар тізімі төмендегідей:


Халықтық Демократиялық партиясынан (ХДП) – Ұлықбек Ілиясұлы Иноятов;


Кәсіпкерлер мен іскер адамдар қозғалысы – Либералдық-демократиялық партиядан (УзЛиДеП) – Шавкат Миромонович Мирзиёев;


«Адолат» социал-демократиялық партиясынан (СДП) – Робахон Анваровна Махмудова;


Экологиялық партиядан – Хамзаев Абдушукур Худойқұлұлы.


Өзбекстан экология партиясы атқару кеңесі мамырдың 11-і күні кезектен тыс пленум өткізіп, президенттікке кандидат ұсыну мәселесін талқылады. Нәтижесінде, аталмыш партия басшысы Әбдішүкір Хамзаев сайлауға түсетін болды. 2021 жылы Президент сайлауына қатысып, сайлаушылардың 4,1 пайыз дауысына ие болған экопартияның қазіргі басшысы Мирзиеевтен 16 жас кіші.


Ал Мирзиеевтің өзін бір емес, екі партия ұсынып отыр. 2016 жылдан бері Өзбекстанға басшылық етіп келе жатқан оның кандидатурасын мамырдың 12-сі күні әуелі «Өзбекстанның либерал-демократиялық партиясы» ұсынса, бүгін мұны «Ұлттық қайта жаңғыру» партиясы қолдайтынын мәлім етті. Биліктің бар тармағына өз адамдарын орналастырып үлгерген ол осы сайлауда жеңіске жетсе, 2040 жыл, яғни 83 жасқа дейін жылы орнын суытпайтындай құқыққа ие болады.

 

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар