Украина қарымта шабуылды жалғастыруда. 12 маусым күні Украина Ресейдің 35-ші армияның штаб басшысы, генерал-майор Сергей Горячевтің көзін жойды. Бұл туралы ресейлік әскери сарапшы Юрий Котенок мәлімдеді. Горячевтің зымыран соққысынан қаза тапқаны айтылуда.
Медиазонаның мәліметінше Украинада осы уақытқа дейін 4 ресейлік генерал қаза тапқан. Медиазона олардың есімдерін атады. Генерал-майор Канамат Боташев («Вагнер»), ДХР сепаратистерінің генерал-майоры Роман Кутузов, генерал-майор Андрей Суховецкий және генерал-майор Владимир Фролов.
Ал АҚШ ресейлік жоғары әскери шенділердің арасындағы шығын ресми статистикадан екі есе көп дейді. Пентагонның барлау қызметінің өкілі Скотт Берриер 10 мамыр күні Ресей кемі 8 генералынан айырылды дегенді айтты. Ұлыбритания қорғаныс министрлігі Ресей 10 генералынан айырылды десе, Жапония кемі 19 генерал (Ресей және сепаратистер мен жеке әскери компанияны қоса алғанда) опат болған дегенді айтуда.
Mezgil.kz