Стокгольм халықаралық бейбітшілікті зерттеу институты (SIPRI): «Мемлекеттер геосаяси қатынастар нашарлаған тұста ядролық арсеналдарға инвестиция салуды бастады», - деп мәлімдеді.
Әлемде жұмыс істеп тұрған ядролық қарудың саны артты. Бүгінгі таңда 9 елде 12 512 ядролық оқтұмсық бар, оның 9 576-сы қолданысқа жарамды. Өткен жылы мына елдер оқтұмсықтар санын көбейтті:
Қытай – 60;
Ресей Федерациясы – 12;
Пәкістан – 5;
Солтүстік Корея – 5;
Үндістан – 4.
Украинаға басқыншылық соғысын бастағаннан кейін Ресей ядролық соғыс туралы жиі айтады. Президент Путин Ресейдің ядролық күші жоғары дәрежеде екенін бірнеше рет мәлімдеген.
Ал Украина президенті Зеленский: «Ресей «тұрғын үйлерге қарсы соғысын» әлі тоқтатқан жоқ», - деді.
Украина президенті Владимир Зеленский Кривой Рогтағы шабуылға реакция білдіріп, қаладағы бес қабатты ғимараттың өртеніп жатқан видеосын жариялады.
Зеленский Ресейді «тұрғын үйлерге, қарапайым қалалар мен адамдарға қарсы соғысын әлі тоқтатқан жоқ» деп айыптады.
«Өкінішке қарай, қаза тапқандар мен жараланғандар бар. Кривой Рогта құтқару операциясы жалғасып жатыр. Жақындарынан айырылған жандардың бәріне қайғырып көңіл айтамын!» – деп жазды ол телеграм-каналында.
Зеленский: «Олар атылған әрбір зымыран үшін жауап береді», - деп уәде берді.
Бұған дейін Днепропетровск облыстық әскери басқармасының басшысы Сергей Лысак түнгі зымырандық шабуылдың салдарынан бес қабатты тұрғын үйге соққы болып, кемінде үш адам қаза тауып, 25 адам жараланғанын айтқан.
Mezgil.kz