Қырғызстан Мәскеуге белсенділерді ұстап беруде

Ресей Украинаға соғыс ашқан сәтте Мәскеудің агрессиялық саясатына қарсылық ретінде кей ресейлік военкоматтарды өртеуге тырысты. Екатеринбург қаласының тұрғыны Алексей Рожков солардың бірі болатын. Ол Екатеринбург қаласындағы военкоматқа от қойып, артынша Ресейден Қырғызстанға кетуге мәжбүр болды. Ресей билігі оған іздеу жариялады.  


political_prisoners_2_0.png

 

Рожковға Ресейде іс ашылып, оған «мемлекеттік мүлікті қасақана жойды» деген айып тағылуда. Сонымен бірге военкомат  от қою сәтінде ғимарат ішінде күзетші болғандықтан, «адам өміріне қауіп төндірді» деген айып та тағылған. «Ресей әскерінің беделін түсірді» дегенді де белсендінің мойнына артып отыр.  

 

Ресей соты Рожковты жоғарыда айтылған айыптауларға сай 15 жылға бас бостандығынан айыруы мүмкін. 2022 жылы Қырғызстанға келген Рожков "Бішкекте қауіпсіздікте боламын" деп ойлаған. Алайда 5 маусым күні Рожковты Қырғызстан Ресейге депортациялағаны белгілі болды. Қырғызстан билігі Ресейдің айтуы бойынша бас сауғалап жүрген белсенділерді Мәскеуге ұстап беруде. 9 маусым күні «Левый блок» қозғалысының белсендісі болған ресейлік азамат Лев Скорякин Бішкекте ұсталды. Ал 4 маусым күні Бішкектен саяси баспана сұрап келген Алена Крылова тұтқындалып, 4 шілдеге дейін темір торға қамалды. Қырғызстан белсенділерді Ресейге депортацияламақ.  


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар