Елімізде басқыншы әскерін дәріптейтін ойыншықтар неге сатылуда?

Ресей әскері Украина жеріне басып кірген сәтте, әлемдік прессада Z және V айырым белгілері басқыншылықтың символі ретінде сипаттала бастады. Ресей танктері дәл осы айырым белгілерімен Украинаның бейбіт қалаларына басып кіріп, елді-мекендерді атқылай бастаған болатын. Бұл нышандарға әлемнің көптеген елдерінде тыйым салынды, фашистік кезеңнің свастикасымен қатар айтылатын жағдайға жетті.


z.jpg

 

Z және V белгілерін тағып алған көліктерді тоқтату, оларға бұл белгілерді қолданбауға қатысты ескерту айту фактілері тіркелді. Қазақстанда да солай болды. Қоғамда «бұл белгіні қолданушылар - сепаратизмді қолдаушылар» деген пікір де жиі айтылады.

 

Күні кеше Астана қаласындағы «Мир детства» дүкенінде Ресейдің басқыншы әскерінің Z мен V белгілері бейнеленген ойыншықтар сатылып жатқаны жайлы ақпарат шықты. Ол туралы Фейсбук әлеуметтік желідегі парақшасына журналист Лұқпан Ахмедияров жазған болатын.

 

«Мир детства» деп аталатын ойыншықтар дүкеніне кірген едік. Ал онда дәл осындай (басқыншы символі белгіленген) ойыншықтар сатылып жатыр екен. Ойыншық әскери көліктер, бронды көліктер, тікұшақтар, ұшақтар. Барлығында "ВС РФ" деген жазу бар. Тіпті бір-екі ойыншық автозакқа дейін көзіміз шалып қалды. Сатушыны шақырып, неге дәл осындай ойыншықтарды сатып жатқанын сұрадық. Олар жағдайды түсіндірудің орнына, «бұл бар болғаны ойыншықтар, бұл сіздің ойыңыз ғана» дегенді айтты. Еріксіз полиция қызметкерін шақыруға тура келді», - дейді журналист. Журналист артынша дүкен иесі келіп, соғысқа қарсы екенін айтып, ойыншықтарды сатудан алып тастағанын жазды.

 

Бұл бірінші оқиға емес. Бірнеше ай бұрын белсенді Айдар Махметов “Детский мир” желісінде “Вежливые люди” ойыншықтары сатылып жатқанын жазған болатын. Артынша дүкен ол ойыншықтарды сатуды тоқтатқан еді. Қоғамда «Неге Қазақстанға кіретін тауарды тексеру барысында идеологиялық тұрғыдан сүзгі жүргізу әлсіз» деген сұрақ туындауда. 


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар