Тұран жолбарысы да «шетел агенті» атанды...

Ресейдің Бас прокуратурасы «WWF Russia - Дүниежүзілік табиғат қорын» шетелдік агент (иноагент) деп жариялап, қордың Ресей аумағында жұмыс істеуіне тыйым салды.


1687508157336143.jpg


«Ұлыбритания азаматы Н. Исделдің басшылығымен жүзеге асатын табиғатты қорғау және экологиялық ағарту ісі WWF-тың атын жамылып, экономикалық салаға қауіп төндіретін жобалармен айналысуда», - делінген Бас прокуратураның хабарламасында.


Ведомствоның хабарламасына қарағанда, WWF «шетелдік агенттер тізімінде тұрған Ресейлік коммерциялық емес ұйымдарға материалдық және әдістемелік қолдау көрсеткен, ал олар заңсыз митингтерге қатысып, құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұл елдің ішкі ісіне араласу», депті Ресейлік заң органы.


Қазақстан үкіметі 2017 жылы жолбарысты реинтродукциялау туралы WWF-пен келісімге келіп, меморандумға қол қойған. 


Кейін қор елімізге 10 миллион еуро бөлді. Ол қаражаттың бәрін жобаның негізгі  ұйымдастырушылары ретінде Ресейліктер алған. 


2018 жылы жолбарыстарды өсіруге арналған Іле-Балқаш резерваты құрылды. Содан бері бұл жоба Ресейдің мамандарының қолында, яғни WWF Russia жүзеге асыруда.


Енді сұрақ. Қазақстанның жолбарысты реинтродукциялау жобасы не болмақ? Ресей ақыры қорға тыйым салған екен, ендеше Ресей 10 миллион еуроны Қазақстанға қайтарып бере ме, әлде, тікелей Швейцарияға аудара ма?


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар