Ресейге қарсы 11-ші санкциялар пакеті жарияланды. Сонымен бұл жолғы санкцияда қандай факторлыр қамтылған? Қараңыз:
*«Дружба» мұнай құбыры арқылы Германия мен Польшаның шикі мұнайын импорттауға тыйым салу. Венгрияға баратын Оңтүстік тармақ әлі күнге дейін санкцияға ілінбеді.
*Ресей Федерациясына қымбат және гибридті автомобильдерді, сондай-ақ электр машиналарын, соның ішінде пайдаланылған автомобильдерді экспорттауға тыйым салу.
*Ресейге санкциялық тауарларды үшінші елдер арқылы қайта сатуды болдырмау. Санкцияларды айналып өтуге қарсы күрес үшінші елдерге қарсы шектеулер енгізуге мүмкіндік береді.
*Ресейдің тағы бес арнасын көрсетуге тыйым салу: RT Balkan, Oriental Review, «Царград», New Eastern Outlook және Katehon.
*Жүк көліктерінің тіркемелері Ресейлік болса, тіпті тіркемелері жартылай Ресейдікі болса да Еуропалық Одақ елдеріне тауар тасымалдауға толық тыйым салу.
*Ресейдің Әскери-теңіз күштерін қолдайтын 87 ұйымға қарсы санкция салу. Олардың ішінде төрт Ирандық компания бар. Сондай-ақ жеке тұлғаларға: әскери, кәсіпкерлер мен үгіт-насихатшыларға қарсы санкциялар енгізілді.
*Ресей Федерациясына электр компоненттерін, жартылай өткізгіштерді, оптикалық компоненттерді, навигациялық құрылғыларды және бірқатар металдарды экспорттауға тыйым салу.
*Ресей Федерациясының Әскери-техникалық жетілуіне немесе қорғаныс секторының дамуына ықпал ететін тауарлар мен технологиялардың Ресей аумағы арқылы транзитіне тыйым салу.
*Ресейлік мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдауды жүзеге асырған кез-келген танкерлердің еуропалық порттарға кіруіне тыйым салу ( көлеңкелі флот).
Польша СІМ Ресейге 12-ші санкция пакеті бойынша жұмыстың басталғанын хабарлады. Оның аясында Ресейді қаржылық ресурстармен қамтамасыз ететін төрт элементті жою ұсынылды. Олардың ішіндегі ең қиыны — алмаздарды Ресейден Еуропалық Одаққа экспорттауға тыйым салу.
Швейцария Ресейге жоғары технологиялық өнімдерді экспорттауға шектеу қою бойынша Еуропалық Одақ елдеріне қосылды.
Mezgil.kz