11-ші пакет: ЕО Орталық Азияға санкция сала ма?

ЕО Ресейге санкцияларды айналып өтуге көмектесіп отырған Орталық Азия елдеріне санкция салудың механизмін қарастырды. Бұл туралы The Telegraph басылымы жазады.


1687765111274486.jpg


Жақында ЕО Ресейге 11-ші санкциялар пакетін дайындады.


Дегенмен, Еуропаның кейбір елдері Орталық Азия мемлекеттеріне санкция салуға қарсы, себебі, «бұл дипломатиялық қатынастарды қиындатады әрі елдердің экономикасын Ресей мен Қытайға одан әрі байлап тастауы мүмкін», - дейді еуропалық шенеуніктер.


Жоспарға сай блок әуелі ОА елдерімен «Ресейге көмектесудің» салдары қандай болатынын түсіндіріп, дипломатиялық келіссөздер жүргізуі керек. Бұған дейін, Ресейдің ең жақын серіктесі Қазақстан санкцияны айналып өтуге көршісіне көмектеспейтінін айтып, уәде берген.


Украинаға соғыс бастағаннан кейін Ресей Батыс санкцияларын айналып өтуге Орталық Азия елдерін пайдаланды. Негізінен Батыс елдері мен АҚШ-тың өндірген техника мен электронды жабдықтарын үшінші елдер арқылы алдыра бастады. Қазір Ресейге тауарлар Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстан арқылы әкелінеді.


Қазақстан: 2022 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстан мен Ресей Федерациясының тауар айналымы 15.9 млрд долларға жетті, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4.2% - ға артық.


Өзбекстан: 2022 жылғы қаңтар-тамызда Ресей Федерациясымен тауар айналымының көлемі 5.6 млрд долларды құрады, яғни 27,1% - ға өсті.


Өзбекстан Ресей Федерациясына негізінен өнеркәсіптік тауарларды, тоқыма бұйымдарын, көкөністер мен жемістер, алтын экспорттайды. Бірақ былтырғы қаңтар- тамызда электровагондар мен жабдықтардың экспортын 21,3 есеге, ал мамандандырылмаған автомобильдердің, өндірістік жабдықтар мен автобөлшектердің экспортын 4,3 есеге  арттырды.


Қырғызстан: 2022 жылдың 8 айында Қырғызстан Ресей Федерациясына 445 миллион доллардың тауарын жіберді, бұл 2021 жылдың сәйкес айларына қарағанда 207 миллион долларға көп. Сонымен қатар, техника мен электр жабдықтары-құлаққаптар, жылытқыштар, электр пештері, бейнекамералар және т. б. Экспортын арттырған.


Түрікменстан: 2022 жылғы қаңтар-мамыр айларында Ресей Федерациясымен тауар айналымы 278 миллион долларды құрады, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18% - ға өсті.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар