Швецияда тағы да Құран өртеу акциясы өтті. Бұл жолы қасиетті кітапты Ирактан келген 37 жастағы босқын өртеп жіберген. Ол екі апта бұрын Құранды өртеу акциясын өткізетінін айтып, Стокгольм қаласының билігінен ресми рұқсат алған көрінеді. Ал акциядағы қауіпсіздікті полиция қызметкерлері қамтамасыз еткен. Ирактан келген босқын акцияны арнайы Құрбан Айттың бірінші күніне қойғанын айтты.
Антиисламдық акцияны бұл жолы Ирактан келген, өзін мұсылманмын деп атаған Салван Момика жасаған. Ол акция алдында «Мен Стокгольмдағы ең ірі мешіт алдында өзімнің қарсылығымды танытып, Құранды жыртып, өртеп жіберемін» деп мәлімдеме жасаған еді.
Салван бұл акцияны Швеция еліне кесірі тимеу үшін кейінге шегеруді ойлағанын, алайда Құрбайн Айт кезінде акцияны іске асыру үлкен эффект беретінін ескеріп, 28 маусымда акцияны өткізуді жөн санағанын да айтты. Алғаш рет акцияны сәуір айында өткізуді жоспарлаған екен. Момиканың сөзінше бұл акцияның кесірінен Швецияның НАТО-ға кіруі қиындамауы тиіс деп санайды.
Ислам дінінің қасиетті кітабын өртеу, қорлау әрекеттері Швецияда алғаш рет өтіп тұрған жоқ. Бірнеше ай бұрын Расмус Палудан есімді белсенді Швециядағы Түркия елшілігінің алдында Құранды өртеп, әлемді шулатқан болатын. Артынша Түркия өз қарсылығын білдіріп, Швецияның НАТО-ға кіруін бұғаттап тастады. Ирактық босқынның акциясынан кейін де Түркия қарсылық танытып, алдағы саммитте Швеция НАТО-ға кіре алмайтынын меңзеді.
Mezgil.kz