Қазақстан АҚШ-тың айтуы бойынша Ресейлік тыңшыны тұтқындады

АҚШ-тың сұранысымен Қазақстанда жүрген Ресейлік «F. A. C. C. T» компаниясының қызметкері Никита Кислицин ұсталды.


755834880238143.jpeg


«F. A. C. C. T» компаниясы – Ресейдегі Group-IB компаниясының ізбасары. «F. A. C. C. T» Кислициннің алдыңғы жұмыс орнындағы былықтары үшін 22 маусымда ұсталғанын хабарлаған. Ол Group-IB-ге кибер қауіппен күресу маманы болып келмес бұрын «Хакер» атты журналды шығарып, басқарған.


Никита Кислицинге Ресейде де іздеу салынған. 28 маусымда Ресей «заңмен қорғалған ақпаратқа қызметтік ережені пайдаланып заңсыз қол жеткізген» деген айыппен оның үстінен қылмыстық іс ашқан.

Сонымен, Кислицин қандай дау-жанжалдарға қатысты:


* АҚШ Әділет министрлігі оны 2012 жылы хакерлер ұрлаған «Formspring» әлеуметтік желісінің аккаунт базасын сатуға тырысты деп айыптады.

* 2014 жылы Group-IB-де жұмыс істеп жүрген Кислицин басшысы Илья Сачковтың келісімімен Федералды тергеу бюросына ақпарат берген. Ол орыс хакерлерінің қызметі туралы және оларға қатысы бар Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметкері Дмитрий Докучаев жайында айтып берген.

* Кейін Илья Сачков «мемлекетке опасыздық жасады» деп айыпталды. 6 шілдеде сот Ресейлік компания «F. A. C. C. T»-тың акционері Илья Сачковтың ісін қарайды.


«Қазақстан АҚШ-тың экстрадициялау туралы өтініші аясында оны тұтқындаудың негіздерін зерттеп жатыр», деп жазды «F. A. C. C. T».


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар