Саакашвили үндеу жасады: Ресейдің ыдырауы – Қапқаздан басталады!

Гүржістанның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили үн қатты. Гүржі жұртына һәм Солтүстік Қапқаздың халықтарына үндеу жасап, Ресей билігінің әлсірегені сәтін ұтымды пайдалануға шақырды.


1688025722534455.jpg


«Мен Қапқазды жүздеген жылдар бойы құлдыққа алып, бүтіндей халықтарды түп-тамырымен жойып жіберген және сол зұлымдықты, геноцидті, Қапқаз халықтарын орыстандыру саясатын әлі күнге жалғастырып келе жатқан Ресей импариясының баршы халқына үндеу жасаймын!


Дәл қазір біз Имам Шәмілдің, Байсангурдың, Жохар Дудаевтардың және солар секілді еркіндік басты құндылығы саналған миллиондаған батырлардың рухтарын қайта оятуымыз керек! Оянатын, белсенділікті арттыратын уақыт келді. Жуырдағы (Пригожиннің бүлігі) оқиғалар Мәскеу режимінің дәрменсіздігін көрсетті.

Ескі қарсылық топтарын қайта оятып, жаңадан қарсылық күштерін құрыңдар! Жан-жақтағы диаспоралармен байланысты қайта түзіп, сол байланыстар арқылы, Украина арқылы Мәскеуге қарсы тұрыңдар. Солтүстік Қапқаздың тәуелсіздігі мен демократиялық әлем үшін күресейік. Ресейді ыдырату үшін біз өзара байланысымызды күшейтуіміз керек», - деп жазды Саакашвили әлеуметтік желіде.


Ол өз сөзінде «Азат Қапқаз» ұйымының тұрақты хатшылығын Киевте құру керектігін айтқан.


Ресейдің ыдырауы – Қапқаздан басталады!


Осыған дейін мамыр айында Киевте Солтүстік Қапқаз халықтары ұлттық қозғалысы лидерлерінің жиыны өткен. Онда Солтүстік Қапқаз халықтары одағын құру туралы келісім жасалған. Жиынға қатысушылар қабылдаған резолюцияда Ичкерия Шешен республикасын де-оккупациялау туралы үндеуін әзірлеп, БҰҰ-ға мүше мемлекеттерге жолдайтыны айтылған.


756400008432724.jpg


Тақырыпқа тұздық ретінде айта кетейік: Осыған дейін Украина Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Алексей Данилов: «Ресейдің ыдырауы – Қапқаздан басталады», - деп мәлімдеген.


«Ресейдің ыдырауы – Қапқаздан басталады. Өйткені, Ресейге түк қатысы жоқ территориялар бар. Олар: Ичкерия, Дағыстан мен Ингушетия және т.б. Татарстан да өз жолымен кетеді. Путин өзінің импершіл пиғылының арқасында қол жеткізген оқшаулануынің ақыры осыған алып келеді», - деген еді Данилов.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар