БАҚ: Путин Запорож АЭС-ін жарып жіберуі мүмкін...

Британ басылымы өз мақаласында Ресей президенті Владимир Путиннің Запорож АЭС-ін жарып жіберуге бұйрық беруі мүмкін екенін жазады. Оған басты себеп – Пригожин бүлігінен кейін шатқаяқтаған Кремль позициясын нығайту.


1148625_1_w_590_lq.jpg


«Путинге авторитар басшы ретінде өз жақтастарының алдындағы абыройын сақтап қалу маңызды. Алайда, Путин бастаған соғыс (ендігі өзінің стратегиялық қателік екенін дәлелдеген қадам) пен жуырдағы Евгений Пригожиннің бүлігі Путинді қандай да бір радикалды қадамдарға ителмелеуі мүмкін», - деп жазады Times.


Басылымның жазуынша, Путин армиясы көптен бері майдан шебінде қандай да бір жетістіктерге жеткен жоқ. Яғни, өз халқына мақтан етіп көрсетері таусылған. Ал 24 маусымдағы бүлік Путиннің жеке беделіне айтарлықтай нұқсан келтіріп, Кремль режимінің әбден әлсірегенін көрсетті. Ресей армиясы Мәскеуді қорғай алмады. Вагнерліктерге қарсылық көрсете алған жоқ. Ал Ростовтағы жұрт Вагнерліктерді ерекше ықыласпен күтіп алды.


«Осындай дәрменсіз күйдегі Кремль режимі ел-жұртының алдындағы беделін сақтап қалу үшін Украина соғысында қандай да бір радикалды қадамдарға барады. Өйткені, дәл қазіргі сәт Путин режимі үшін өте қауіпті кезең. Оның армиясы осыған дейін Каховка ГЭС-ін жарып жіберді. Сол есеппен, Путин армиясы Запорож АЭС-іне соққы жасауы ғажап емес», - деп жазады басылым.


Ресей билігінің Запорож АЭС-інде теракт жасауы мүмкін екені туралы Украина билігі айтып, дабыл қағуда. Ресей билігі мұны терістегенімен, Ресейлік мамандардың бірте-бірте ЗАЭС аумағынан шығарылуы алда болатын радикалды қадамдардан хабар береді.


Times басылымының жазуынша, НАТО елдері Мәскеуге қатаң ескерту жасауы керек.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар