Станция салынды: Қытай Орталық Азияда тыңшылық жүргізбек пе?

Қытай билігі Тәжікстанға ең көп инвестиция құюшы тараптың бірі. Соңғы уақытта Қытайдың Тәжікстан жерінде тек қана экономикалық емес, сонымен бірге саяси және әскери ықпалы да арта түскені айтылуда. Жақында Қытай Тәжікстанның Ауғанстанмен шекаралас аймағында климатты бақылауға арналған станция салды. Бұл ауа-райына қатысты жоба десе де, сарапшылар станцияның бақылау мүмкіндігі қауіпсіздік саласына да әсер ететінін айтуда.


176903272_0_0_0_0_1240x0_80_0_0_940b765b8438d1ae9118e3d06536d89a.jpg

 

Тәжікстандағы Қытайдың станциясы климат және қоршаған ортадағы өзгерісті бақылау мақсатында салынды. Жобаның түпкілікті миссиясы Қытайдың өз ішінде болуы ықтимал экологиялық апаттардың алдын-алу үшін жан-жақты зерттеуді күшейту деп көрсетілген. Алғаш рет бұл станция жайлы ақпарат маусымның ортасында қытайлық Синьхуа ақпарат көзінде пайда болды, ал Тәжікстан БАҚ-тары станция жайлы жазған емес. Синьхуа ақпаратына сүйенсек станция Тәжікстанның Шахритус қаласының маңында орналасқан. Қытайда осыған ұқсас станциялар өте көп және олар климатты бақылауға арналған.

 

Аталмыш типтегі станцияны Бейжің алғаш рет Орталық Азияда орнатты. Ресейлік сарапшылар бұл Қытайға ОА елдерінде тыңшылық жүргізуге мүмкіндік беруі ықтимал дегенді айтуда. Ал Батыс сарапшылары станцияны тек қана климатты бақылауда емес, сонымен бірге қорғаныс саласында да қолдануға бола ма, жоқ па деген сұрақ аясында пікір алмасуда.

 

Oxus қауымдастығының Орталық Азия бойынша бөлімінің директоры Брэдли Джардиннің пікірінше мұндай станциялар аспан әлемін бақылайтын спутниктер іспеттес режимде жұмыс істей алады. Ол осыған ұқсас режимде жұмыс істейтін аэростаттың АҚШ әуе кеңістігінде атып түсірілгенін айтып, «бұл станцияның барлау және тыңшылық жүргізу мүмкіндіктері болуы мүмкін» дегенді айтуда. Тәжікстан жерінде Қытайдың күзет қызметі жайлы да ақпараттар бар. Қытай жеке күзет компанияларын Тәжікстан жеріндегі кеніштердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолданады.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар