Ресейдің ыдырауы: «Татарстан мен Дағыстан дербес мемлекет болады»

Украина Қауіпсіздік кеңесінің бастығы Алексей Данилов сұхбат беріп: «Әлем Ресейдің ыдырауына дайын болуы керек. Жуырдағы Пригожиннің төңкеріс жасау әрекеті Ресейдің мемлекет болудан қалғанын көрсетті», - деп мәлімдеді.


1688372269981266.jpg


Оның айтуынша, Украина ЧВК Вагнердің бүлігі кезінде Ресейдің аймақтарының қалай әрекет еткеніне зерттеу жасаған. «Сол зерттеулерге сүйенсек, Ресейдің ыдыраудан кейінгі келбетін елестетуге болады. Татарстан жеке мемлекет болады. Дағыстан да дербес мемлекет болып, Ресеймен ат құйрығын кесіседі. Олар қазір Ресейдің бодандары», - дейді Данилов.


Айта кетейік, Ресей президенті Владимир Путин Вагнерліктердің бүлігінен кейін Ресейдің аймақтарына алаңдай бастағанын байқауға болады.


1-ші маусымда Путин оккупацияланған Абхазияның тырнақшаның ішіндегі президентімен телефон арқылы сөйлескен. Екеуаара Ресей мен Абхазия әріптестігі мәселелері талқы болған. Абхаз басшысы Путинді өзіне қонаққа шақырған.


Ал 28-ші маусымда Путин Дағыстанға сапарлап барды. Путиннің келуіне әзірленген аймақ басшылары «Путинді ерекше ықыласпен күткен» халықтың имитациясын жасады.


Владимир Путин Пригожин бүлігінен кейін басқа-басқа дәл осы Қапқаз аймағына ерекше көңіл бөле бастады. «Путиннің Қапқазға көңіл аударуының екі себебі болуы мүмкін», дейді сарапшылар. Бірі: Путин осы қадамдары арқылы өз имиджін сақтап қалуға тырысуы мүмкін. Екіншісі: Қапқазда қайталануы мүмкін бүліктерден алдын ала сақтану әрекеті.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар