«Дәл қазір Ресей грузин билігінің қолындағы Украина азаматы Михаил Саакашвилиді өлтіріп жатыр»,- деді Украина президенті Владимир Зеленский дүйсенбіде.
Кеше Грузияның экс-президенті, қазір қамауда отырған Михаил Саакашвили өзінің үстінен қозғалған тағы бір қылмыстық іс бойынша өткен сот отырысына онлайн қатысты. Бұл оның биылғы ақпан айынан кейінгі алғаш ел көзіне көрінуі. Саакашвили аурудан әбден жүдеп, адам танымастай қалыпқа түскен.
Ол Грузия билігінің өзіне көрсеткен қорлығын жасырғандарды, жалған ақпарат таратқандарды кінәлады.
«Мені осы күйге түсірген сіздер. Сондықтан сіздер Еуро парламентшілерінен, менің отбасымнан, менен, Украина мемлекетінен және барлық Грузия азаматтарынан кешірім сұрауыңыз керек. Папуашвили, қара маған» - деді Саакашвили. Ол кеудешесін көтеріп, Парламент төрағасы Шалве Папуашвилиге қолмен санап аларлық қабырғасын көрсетті.
Грузияның бұрынғы көшбасшысының жағдайын көрген Зеленский Саакашвилиді Украинаға емдеуге беруді талап етті.
«Украина азаматы Михаил Саакашвилиді қажетті ем алу үшін Украинаға беруді Грузия билігінен тағы да сұраймын. Мен серіктестерімізді осы жағдайды шешуге, адамды құтқаруға шақырамын. Еуропадағы бірде-бір үкіметтің адамды қолдан өтіруге құқығы жоқ, адам өмірі-басты құндылық»,-деп жазды ол.
Украина президентінің айтуынша, ол Украина сыртқы істер министрлігіне Грузияның Киевтегі елшісін шақырып алып, Саакашвили мәселесі бойынша Тбилисимен ақылдасып келу үшін 48 сағат ішінде шығарып жіберу жөнінде бұйрық берген.
Грузия билігі Саакашвилидің құқығын бұзғанын үзілді-кесілді жоққа шығарып отыр. «Оған қажетті емдеу мен күтім жасалды», дейді олар.
Ал Саакашвилидің жақындары мен адвокаттары көптен бері оның денсаулығының ауырлығын айтып, шетелге емдеуге жіберу керектігін айтып дабыл қақты.
Тіпті Саакашвилиді түрмеден босатып, шетелде емдеу керектігі туралды үндеулер халықаралық трибуналардан да естілді.
Бірақ гризин соты құқық қорғаушылардың Саакашвилиді шетелге емдеуге жіберу туралы сұранысын қанағаттандырмай келеді.
Михаил Саакашвили өткен жылдың мамыр айынан бастап Тбилисидің «Вивамеди» клиникасында жатыр. Ол 2021 жылдың қазан айында Грузияға оралып, артынша түрлі қылмыстық іс бойынша айып тағылып, қамауға алынған.
Саакашвилидің өзін «Путиннің тұтқынымын» деп атайды және тағылған барлық айыптар өзінің саяси көзқарасына байланысты екенін айтады.
Mezgil.kz