13 шілдеде Алматы қаласында Александр Невскийге ескерткіш ашылмақ. Бұл туралы еліміздегі православтардың ресми сайты саналатын mitropolia.kz жазды. Сайтта Патриарх Кириллдің батасымен, Қазақстан президенті Қ.Тоқаевтың рұқсатымен ескерткіш орнатылып жатқаны айтылған.
Монумент Алматы қаласындағы Александр-Невский соборының алаңына қойылмақ. Собор Жансүгіров көшесінде орналасқан. Ескерткішті ашу салтанаты 13 шілде күні, сағат 12:00-де өтетіні көрсетілген. Ескерткішті ашу Православ шіркеуінің 20 жылдығына ойластырылған көрінеді.
Монументті ашу салтанатына дін өкілдері, Қазақстан және Ресей шенеуніктері, қоғам белсенділері мен БАҚ қатысады деп күтілуде.
Монументті жасауға мұрындық болған Ресей президентінің көмекшісі Мединский, ал ескерткіштің авторы мүсінші С.А. Щербаков. Ескерткіштің басты миссиясы Қазақстан қоғамын бірлік пен татулыққа шақыру, себебі Моңғол империясына бірнеше мәрте бас ие барған Александр-Невский дипломатиялық қызмет атқарған дейді сайттағы ақпаратта. Mitropolia.kz сайты Алматы қаласын мақалада Алма-Ата деп жазу арқылы қазіргі атауды мойындамайтындай кейіп танытып, кеңестік кезеңнің үлгісінде жазыпты.
Mezgil.kz