«Азов» командирлері: Біз соғысқа аттанамыз!

Өткен аптаның аяғындағы басты тақырып – «Азов» арландарының (командирлері) Түркиядан Украинаға оралуы болды. Украина президенті Зеленский мен Түркия президенті Ердоғанның жүзбе-жүз кездесуінен соң, «Азов» командирлері Украинаға оралатыны белгілі болды.

1688977217877969.jpg

Мариупольді жауға бермей, ең ақырғы сәтке дейін «Азовстальді» қорғаған командирлер 8 шілде күні Украинаға Чехияның арнайы бортымен Львовқа жеткен. Отандарына оралған беті ел-жұртпен жүздесіп, БАҚ-қа сұхбат берген командирлер соғысқа қайта аттанатындықтарын мәлімдеді.

«Азов» полкінің командирі Денис Прокопенко: «Мен сенімдімін. Армия – бұл командалық жұмыс. Бүгінгі күннен бастап біз сіздермен бірге күресті жалғастырамыз. Біз соғыстағы соңғы сөзімізді міндетті түрде айтатын боламыз. Ең маңыздысы – Украина армиясы майдан шебінде стратегиялық басымдықты өз қолына алды. Және біз күн санап алға жылжып келеміз», - деді.

Ал «Азов» полкі командирінің орынбасары Святослав Паламар: «Біз оралдық. Біз өз міндетімізді атқару үшін оралдық», - деді.

«Азовсталь» қорғаушылары былтыр қыркүйекте Виктор Медвечук дейтін Ресейшіл олигарх, Украина Радасының экс-депутаты һәм Путиннің жеке досына тұтқын ретінде алмастырылған. Арағайындық жасаған Түркия президенті Режеп Ердоған болды. Содан бері «Азов» командирлері Ыстамбұлда тұрып жатқан. Бұл Ресейдің басты талабы болды.

Мариуполь блокадасы 2022 жылдың наурызында басталып, мамырдың бел ортасына дейін жалғасты. Олар «Азовстальді» ең ақырғы оқтары қалғанша қорғады.

«Азов» полкі командирлерінің Украинаға оралуына Мәскеу бұлқан-талқан болуда. Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков: «Бұл келісімді бұзу. Бізге «Азов» командирлерінің Украинаға берілетіні туралы ешкім ескертіп айтқан жоқ», - десе, оның ізі ала РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Түркияға хабарласып, істің мән-жайын талқылағаны БАҚ-та жарияланды. Ал Ресей саясатшылары: «Ыстамбұл мен Киев бізді алдап соқты», - деп сөйлеп жатыр.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар