Садальский: Қазақ билігі Ресейді сатты, ал қоғамы русофоб!

Ресей билігі Қазақстанға деген ашық сес көрсетуді жалғастыруда. Мәскеу санкцияларды айналып өту жолдарын жауып жатқан қазақ билігіне наразы. Әлеуметтік желі мен мемлекеттік арналарда «Қазақстан русофобтық жолға түсті, ал қазақ билігі Батысшыл болып барады» деген сандырақты айтуды күшейтті.


 photo_2023-03-08-13.53.04-1-e1678362729498.jpeg


Жақында ғана ресейлік депутат Виктор Соболев Қазақстандағы русофобиямен күресуге қатысты пікір білдірді. Ол былай дейді: «Иә, ондай мәселе (русофобия) бар. Бұл бұрын да бар еді, олар латын ғарпіне көшеміз дегенде-ақ білінген. Ұжымдасқан Батыс бұл жобаны барынша қолдауда. Біз өз әрекетіміз арқылы Қазақстанды азамат соғысынан сақтап қалдық десек те болады. Қауіпті сценарийдің қайталануын тоқтата алатын, алдын-алуға қабілетті сау саналы күштер ол жақта әлі де бар деп ойлаймын». Ол Украина жеріндегі арнайы операция сәтті аяқталса, бірқатар посткеңестік аймақтағы русофобия мәселесі оң шешім табады дегенді де айтты.

 

Ал танымал ресейлік актер Станислав Садальский болса Қазақстан билігі мен президентін сатқын деп атады. "Место встречи изменить нельзя" фильміне түскен актер: «Тоқаев – АҚШ-тың жобасы, ұзақмерзімді әрі аса қауіпті жоба. Ол Байденнің алдында бас иіп, жүгіріп жүрді. Саған ешқандай да сенім жоқ, сені босқа құтқарыппыз сатқын!» - деп жазды ол өзінің телеграм арнасына.

 

Ресейлік тарап соңғы уақытта Қазақстанға шүйлігуді арттырды. Олар Қазақстанның Қытай және Еуропамен қарым-қатынасын сатқындыққа балауда.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар