Армяндар құрған «АРБАТ» жасағы: Ресей үшін біз соғысамыз!

Шілденің басында «АРБАТ» армян батальонының құрылатыны белгілі болды. Олар Донбассқа Ресей жағында соғысу үшін аттанады. ISW америкалық соғысты зерттеу институты батальон құрамына Армения азаматтары мен Абхазиядан келген этникалық армяндар кіретінін хабарлады.

1689154530618278.jpg

Бұл топтың демеушісі – Украинадағы Донецк облысының тумасы, қылмыс әлемінің серкесі Армен Саркисян.

«Саркисян Ресей Федерациясындағы кейбір колонияларды және оның бақылауындағы Украина аумақтарын бақылайды», деп жазады «Hraparak» армян газеті украиналық барлау қызметіне сілтеме жасап.

Газеттің хабарлауынша, топтың артында ықпалды орыс-армян кәсіпкерлері тұр. «Бұл армян бизнесмендері, қылмыс әлемінің адамдары, шіркеу мен әскери күштің бірлестігі», - дейді басылым.

Батальон командирі Қарабақтан келген армян Айк Гаспарян. Ол: «Мақсатымыз Отанға (Ресей Федерациясына) қызмет ету», - деп мәлімдеді. Тағы біреу – Ахра Авидзба. Ол Ресей билігінің айтақтауымен жүрген 2020 жылғы Абхазиядағы төңкерістің белсенді қатысушысы.

Газет: «АРБАТ» – «Вагнер» сияқты жаңа әскери компания», - деп жазады. Вагнерліктердің сәтсіз әскери төңкерісінен кейін Ресей бұл сияқты топтардан бас тартпады. Керісінше, майданда вагнерліктердің орнын толтыратын содырлардың әрекетін қолдап отыр.

Сондай-ақ, басылым болашақта батальон «Армения мен Арцахты құтқаруға» пайдаланылатынын айтады. Яғни Арманияны қазіргі билігінен «құтқаруға» жұмсалмақ.

Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар