Қырғыздар әскери доктринасын жаңалады: Бұл Батысқа бет бұру ма?

Бүгін Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қырғызстанның жаңа әскери доктринасын бекітті. «Қырғызстан әскери доктринаны жаңартады», - деген ақпарат биыл 13-ші маусымда БАҚ-та жария болған.

1689249821757950.jpg

«Әскери доктринаны жаңалауға қажеттілік елдегі мемлекеттік басқару жүйесінің өзгеруінен және әлемдегі, Орталық Азиядағы әскери-саяси жағдайларға байланысты туындап отыр», - деп мәлімдеген Қырғызстан Президентінің баспасөз қызметі.

13-ші маусымда Қырғызстан Қорғаныс министрлігінің Қауіпсіздік кеңесі жаңа әскери доктринаның нобайын жариялаған. Қырғыз ҚМ Бас штабының бастығы Ерлис Тердикбаевтың айтуынша, әскери саясаттың басты мақсаты – мемлекеттің дамуына жағдай жасау, егемендікті қорғау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ішкі, сыртқы агрессияға жол бермеу.

«Қырғызстан – аймақтық дау-жанжалдарды әскери күш қолдану арқылы шешуді жақтамайды. Жаңаланған әскери доктринада Қырғыз Респубоикасы Қарулы күштерінің мақсат-міндеттері егжей-тегжейлі жазылған. Доктринаның басты мақсаты- қарулы қақтығыстарға жол бермеу», - дейді Қырғыз ҚМ Бас штабының бастығы Ерлис Тердикбаев.

Қырғызстан Қарулы күштерінің құрылымдары 1992-2000 жылдар аралығында бірнеше мәрте өзгерген. Ал 2021-2022 жылдары әскери реформа кезінде армиядағы сарбаздардың санын ұлғайтып, жаңадан батальондар жасақталған.

Осыған дейін Ресейлік БАҚ-та: «Қырғызстан Батыспен әскери салада әріптестікті күшейтіп, санкциядан құтылудың жолын тапты», - деп жазылған еді.

Осыған дейін Қырғызстанға Польшаның экс-президенті, Шығыс және Орталық Еуропаның есірткі бизнесімен күрес жөніндегі Комиссиясының төрағасы Александр Кващневский Қырғыз премьері Ақылбек Жапаровпен жеке жолыққан. Дереккөздері: «Кващневский мен Жапаров жабық есік форматында Қырғызстан мен Батыстың әскери саладағы әріптестігі және Қырғызстанға қатысты ЕО санкцияларын болдырмау мәселелерін талқылады», - деп жазған.

Осыдан соң, 13-ші маусымда Қырғызстан Сыртқы істер министрлігі: «ТМД, ҰҚШҰ мен ШЫҰ шеңберіндегі әріптестікпен шектеліп қалмауымыз керек», - деп мәлімдеген. Сол күні БАҚ-та жаңартылған әскери доктринаның мәтіні жарияланған.

Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар