Ресей Қазақстанға дін арқылы ықпал жасап жатыр...

Орыс православ шіркеуі РФ Украинаға жасаған соғысын ашық жақтағаннан кейін, әрі майдан даласына әулие әкейлерін әскерилер арасына жіберген соң, посткеңестік кеңістіктегі осы дінді ұстанушылар арасындағы біртұтасқа сызат түсті.

1689325128484323.jpg

Украина шіркеуі Константинопольге қарайтын болды. Бұған посткеңестік кеңістіктегі Орыс православ шіркеуіне қарайтын ТМД-дағы орыс православ шіркеулері үн қатпай, әліптің артын бақты. Еліміздегі православ шіркеулері де патриарх Кириллдің сойылын соғуда ма деп жүргенімізде: «Қазақстандық шіркеулер автономды болуы керек», - деген сөз шықты. «Жақып Аққұлақ» есімімен танымал православ дінбасы Яков Воронцов «ORDA news»-ке берген сұқбатында біраз дүниенің басын ашып берді.

керкр.jpg

«Қазақстандағы шіркеуді орыс православ шіркеуінің басшысы, патриарх Кирилл басқарады. Еліміздегі діни орындар — орыс православие шіркеуінің құрамдас бөліктері. Бұдан бөлек, Қазақстанда діндар адам епископ таңдай алмайды. Оны Мәскеуден тағайындап, бізге жібереді.

Қазақстандық шіркеу автономды болуы керек. Бұл туралы алғаш мен айтқан жоқпын. Елде өзін-өзі басқаратын шіркеу құру мәселесі тоқсаныншы жылдардан бері көтеріліп келеді. Не үшін ресейліктер епископты өздері таңдай алады? Ал қазақстандықтарда неге бұндай құқық жоқ? Не себепті біз арнайы тағайындалған шетелдік адамға шыдауымыз керек? Ол біздің тұрмысты, мәдениетті білмейді», - деді шіркеу қызметкері.

Бұл осы дінді ұстанатын отандастарымызға ой салатын парасатты пікір. Қоғамда талқыға түссе, оған әркім өз ойын қосса, біраз нәрсенің қабырғасы қаланар еді. Енді еліміз үшін осы мәселені шешу Қазақстан халқы ассамблеясы, ҚМДБ және Қазақстандық шіркеу басшылары бас қосып, «Қазақстандық шіркеулер автономды болуы керек» деген мәселені Орыс православ шіркеуінің араласуынсыз шешуге тиіс. Не болмаса, ОА басшылары өз елдеріндегі шіркеулердің бірігіп, Түркістандағы Орыс православ шіркеуі деп атаса да болатын сияқты.

Сонда бүгінгідей Мәскеу үшін маңызы бар, Қазақстанға еш қатысы жоқ, Невский феномені қазақ қоғамын қаққа жармай, діни татулыққа оңай қол жеткізер едік!

Ресейдің рухани шабуылының тамырына балта шабылар сәт келді. Қамдан қазақ, «Жақып Аққұлақтың» тілін ал, тілегін орындауға атсалыс!

Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар