Еуропарламент: Лукашенконы тұтқындаймыз! Ол Путиннің сыбайласы...

Еуропарламент депутаттары Гаага Халықаралық қылмыстық сотынан Беларусь президенті Александр Лукашенконы тұтқындауға ордер беруді сұрады.


RIA_8335679-pic4_zoom-1500x1500-61667.jpg


18 шілдеде Брюссельде депутаттар келісіп, ЕО заң шығарушы және өкілдік органының сайтында құжаттың мәтінін жариялады.


Онда Беларусьтің Украинаға келтірілген залал мен оның аумағында жасалған қылмыстар үшін жауап беретіні жазылған. Еуропарламент депутаттары украиналық балаларды заңсыз депортациялауда Лукашенко режимінің рөлін де атап көрсетті. Баяндамада депутаттар Еуропалық Одаққа мүше институттар мен мемлекеттерді «адамзатқа қарсы қылмыс пен геноцидке жауапты» беларустік саяси және әскери көшбасшыларды қылмыстық қудалауды қамтамасыз ету үшін халықаралық деңгейде шаралар қабылдауға шақырған.


«Халықаралық қылмыстық сот Ресей президенті Владимир Путинді және Ресейдегі бала құқықтары жөніндегі уәкіл Мария Львова-Белованы тұтқындауға ордер берді.  Еуродепутаттар Халықаралық қылмыстық соттан Александр Лукашенконы тұтқындауға да осындай ордер беруді сұрайды»,-деп хабарлайды Еуропалық Парламенттің баспасөз қызметі.


Естеріңізге сала кетейік, Гаага Халықаралық қылмыстық соты 17 наурызда Ресей президенті Владимир Путинді және Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Мария Львова-Белованы қамауға алуға ордер берген болатын. Мәскеу оның заңдылығын мойындамады.


Сонымен қатар, Ресейдің Ішкі істер министрлігі Гаага сотының прокуроры Хан Кәрім Асад Ахмадқа іздеу жариялап, сырттай айып таққан болатын.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар