Петр Толстой: Ресейсіз Украина да, Әзербайжан да, Армения да жойылады!

Ресей мен Әзербайжан қарым-қатынасы қырғи-қабақ деңгейінде. Ресей мен Әзербайжан СІМ өзара бір-бірін айыптай мәлімдеме жасаған еді. Ресейлік БАҚ Бакуды Қарабақты Әзербайжан жері деп мойындау мен Ресей бітімгерлік күштерінің статусына қарасты мәселені ушықтырып отыр деп айыптауда. Әзербайжан «Ресей Қарабақта бейтараптық танытпай, Армения позициясын жақтауда» деп жауап қатты.


755802348280078.jpeg

 

Ресей МемДумасы төрағасының орынбасары Петр Толстой бұл мәселеге қатысты пікір білдіріп, Әзербайжанға сес көрсетті. Ол Ресей әлемдегі ең қуатты державаның бірі және Мәскеудің ықпалы посткеңестік елдерде ешқашан жоғалмайды дейді.

 

«Ресей әлемдегі жетекші державаның бірі. Бұрында Ресей құрамына кірген елдерде оның ықпалы болған, бола да бермек. Әзербайжан да, Армения да, Украина да бір мезетте басқа геосаяси бағытта қозғалуға болады деп шешсе керек, алайда тарихи, саяси, экономикалық, географиялық тұрғыдан Ресейден басқа бағыт жоқ екенін олар түсінуі тиіс. Жәл қазір Ресей өз кеңістігінде тыныштандыру, тәртіпке келтіру саясатын жүргізіп жатыр десек болады. Ресейсіз Әзербайжан да, Армения да, Украина да жойылып кетеді. Осыны түсіну маңызды», - дейді Толстой.

 

Әзербайжан сарапшылары оның сөзіне сарказммен жауап беруде. «Ресейге дәп қазір өзгенің жойылуын емес, өзін сақтап қалу жолын ойлау қажет» дейді олар.

 

Екі жыл бұрын Петр Толстой Әзербайжанның Ресейдегі бұрынғы елшісі Исфандияру Вагабзадемен сөзге келіп қалған еді. Вагабзаде Жириновскийдің әзербайжан ұлтына қатысты сөзіне жауап қатып, былай деген болатын: «Володь, семіз шошқа, кәрі есек. Тыңда мені! Сен шошқа сияқты сасудасың, сенің ұлтың да дәл солай сасуда», — деген болатын. Петр Толстой оған жауап қатып, «міндетті түрде салдары болады, сен жауап бересің» деді.


Mezgil.kz

 

 



Ұқсас тақырыптар