Ресей Украинаға соғыс ашқаннан бері, Орталық Азия елдері өздерінің осы елде уақытша жұмыс істеп жүрген азаматтары соғысқа қатысатын болса, өз елдерінің заңымен қатаң жазаланатын ескерткен болатын.
Бірақ Мәскеудегі «Сахарово» сияқты миграциялық орталықтар келісімшарт бойынша шетелдіктерді Ресей армиясы қатарына тартуға кіріскелі де бір жылдай уақыт болды. Дәл қазір Орталық Азияның қанша азаматы Украина жерінде соғысып жүргенін, қаншасының өлгенін, қаншасының хабарсыз кеткенін ешкім де білмейді.
Оларды Мәскеу билігі жағы Ресей азаматтығын береміз деп қызықтыруға көшті. Оған дейін Ресей азаматтығын алғандардың соғысқа барғысы келмейтіндіктерін алға тартып, өз наразылығын білдіргендері де әлемдік БАҚ-та біраз шу туғызған еді.
Донецк облысында Өзбекстан азаматтары байқалғаны жайлы Украинаның ҚК Бас штабы мәлімдеді. Біздің теңгемен 1 млн. ақша үшін Қазақстаннан да осы соғысқа қатысып келгендер барлығы анықтала бастады. Ал, Өзбекстан мен Қырғызстаннан да жергілікті тұрғындар өз елдеріндегі жұмыс беруші агентіктер арқылы осы соғысқа қатыса бастағаны айқын болуда. Бірақ онда соғысқа емес, Ресейге тұрақты жұмыс істеуге немесе орыстар жаулап алған жерлерде құрылыс жұмыстарын салуға қатысады деген сылтаулар айтылады. Және осы құрылысқа шақыру интернетте ашық жарияланып келеді.
Бірақ Өзбекстан азаматтары орыстар басып алған Мариупольге тап осындай құрылыс салуға келгенімен, олардың төлқұжаттарын тартып алып, ерікті ретінде Горловка бағытындағы соғысқа тартқаны мәлім болды.
Бұған дейін Ресей түрмесінде жазасын өтеп жатқан, өмірі қолына қару ұстап көрмеген Қарақалпақстан азаматы осы соғысқа тартылып, артынан сүйегі туған жеріне жеткізілген. Ресей жағы құрылыс жұмысында жүрген кезінде салып жатқан объектісіне снаряд түсіп қаза тапты десе, марқұм анасымен соңғы хабарласқан кезде: «Анашым, мен қолыма қару алып адам өлтіргім келмейді десем де, олар мені соған мәжбүрледі», - деген.
BBC ОА-дан қаза тапқан 93 адамының 34-і өзбек ұлтынан екенін жария етті. Ал, қазақтарға қатысты деректің аз болатыны өз ата қонысындағы қандастарымыздың да осы соғыста болуынан деп білеміз.
Mezgil.kz