Дрондар соғысы: Украина Мәскеуге соққы жасады...

Ресей мен Украина арасында оқ атылып, бомба ғана жарылып жатқан жоқ. Соғыс шегі Украина жерінен шығып, Ресей жеріне де ауыса бастады. Соғыстың жаңа түрі «Самғауыттар соғысы» (дрондар) деген әскери атау пайда болды.

1690181423182908.jpg

«The Moscow Times» басылымы Украина жағы кеңестік «Стриж», қытайлық «Mugin-5», украиндық «UJ-22» т.б. самғауыттармен Ресей әскери нысандарын атқылай бастағанын жазады.

«Укрджет» компаниясы шығаратын «Стриж» бен «UJ-22» орыстардың бас ауруына айнала бастады.

Украина дрондары мамырда Мәскеудегі Сенет сарайының төбесіне түсіп, өрт шығарғаны жұрттың әлі есінде. РФ Мемлекеттік Думасындағы қорғаныс комитетінің төрағасы Андрей Картаполов осындай самғауыттық шабуылдар туралы: «Еліміз кең байтақ. Сондықтан біздің әуе қорғаныс күштерін ұшқышсыз ұшақтар оңай айналып өте алады», - деп мәлімдеген еді.

Украиндықтар АТО кезінде өз самғауыттарын Донецк, Лугансктегі Ресей әскерилеріне қарсы қолданып, тәжірибе жинаса да, оны осы соғыста тек 2022 жылдың күзінде ғана Ресей жеріндегі әскери нысандарға қатысты қолдана бастады. Әрі әр самғауыт соққысы Ресей үшін тосын жағдай болудан қала бастады. Әуелі түріктің «Байрактары» қолданылса, енді өз самғауыттарын қолдануға қол жеткізіп отыр.

Бас қолбасшы Валерий Залужный 2022 жылдың қыркүйегінде: «Біз зымыран соқысын жасамасақ та, Ресейдің алыс қиырына самғауыт соққысын жасаудан тартынбаймыз», - деп мәлімдеген болатын.

Содан бері Ресейге талай соққы жасалды. Соның бірі кеше (24 шілде күні) таңғы 4-те орын алып отыр. Мәсеу мэрі Сергей Собянин: «Екі самғауыт екі бірдей нысанға түскенімен айтарлықтар зардаб тигізген жоқ. Комсомол және Лихачев даңғылдарындағы қозғалыс уақытша тоқтатылды», - деп мәлімдеді. Және соққы қандай нысандарға жасалғаны анықталған жоқ.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар