Қырғыздар Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдаған соң, Ресей бұлқан-талқан болып, РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров салмақ салып сөйлеген еді.
Қырғыз президенті Садыр Жапаров ежел-жедел жауап беріп: «Орыс тілі бізге қырғыз тіліндей қажет», - депті.
«Өйткені, ТМД елдерімен орыс тілінсіз әріптесе алмаймыз. Қытайға, Араб елдеріне, тіпті, Еуропа елдеріне барсақ та орысша тілдесеміз ғой. Ал бұл жағдайда біз өз тілімізді толық меңгеріп алғымыз келеді. Қараңыз, біздегі мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар қалай сөйлейді? Жартылай қырғызша, жартылай орысша. Біздің ешқайсымыз не орыс тілін, не қырғыз тілін толық меңгермегенбіз», - депті.
Сөз арасында: «Азаматтар қырғыз тілін, орыс тілін, қажет болса ағылшын, француз, қытай немесе басқа тілдерді тең үйренсін», - деп қосыпты.
Осыған дейін президент Жапаров 17 шілдеде «Қырғызстанда мемлекеттік қызметкерлер қырғыз тілін білуі міндет» деген Конституциялық заңға қол қойған. Бұған Мәскеу ренішін біліп, «орыс тілділердің құқығын шектеп жатыр», деп дабыл қаққан.
Mezgil.kz