Әлемге танымал БАҚ оның ішінде CNN орыс-украин соғысындағы Қырым мәселесіне қатысты танымдық материалдарды көбірек жариялай бастады. Жұртшылықтың көңілі Украина президенті Зеленский осы толғақты мәселеге қатысты мәлімдемелеріне ауып отырғандығы да жасырын емес. Украин жағының самғауыттық және зымырандық соққылары басқыншыларды қатты састыруда.
Таяуда жау қолындағы Қырымды азат етуге қатысты Зеленский: «Қырымды толықтай азат етудің алғашқы қадамдары жасалып, басқыншылар Қырым көпірінің болашағынан түңіліп, есің барда еліңді тап дегендей терең ойға қала бастады… Сол себепті біз Қырымды ортақ отанының құшағына қайыра қайтаруға бар күшімізді саламыз», - деп мәлімдесе, осы елдің Қорғаныс министрі Резников өз тарапынан: «Бұл жауыңның логистикалық шебін бұзуға бағытталған қалыпты тактика ретінде, оқ-дәрі, жанар-жағармай, азық-түлік басқаларын жеткізудің жолын түбегейлі кесу. Сондықтан біз осы тактиканы оларға қарсы қолданамыз», – деген пікірін алға тартты.
Өз кезегінде Бас барлау басқармасының өкілі Юсовтың: «Қырым таңы біздің соққымен ғана ататын болды. Ондағы басқыншылар қару-жарақ қоймасы түгіл, өз бастарын қорғай алмайды», - деп қуана мәлімдегені соғысқа нүкте қояр сәттің жақын қалғанын танытқандай.
Бұған украиндықтардың сенімділігін мемлекет басшысы Зеленскийдің мына бір CNN-ге берген сұхбаттындағы «…әзірше Қырым жау қолында қалып отырғаны соғыстың аяқталмағанын танытады. Біз Украинаны Қырымсыз көз алдымызға елестете алмайсыз. Сондықтан әзірше ол Ресей оккупациясында болуының өзі: бірғана нәрсені соғыстың әлі аяқталмағандығын білдіреді» деген түйін сөзі нақтылай түседі. Қырым алынса, соғыста бітеді деген уәжға әлем жұртшылығы сене бастады.
Mezgil.kz