Путин мен Зеленский қаза тапса, Ресей мен Украинаны кім басқарады?

Politico: «Зеленский соғыс жағдайында қаза тапса, оның орнын кім басатыны, төтенше жағдайда қабылданатын шешім жоспары бар», - деп жазады.

1690881157633315.jpg

Зеленский қаза тапқан жағдайда, мемлекетті ұжымдық төрттік басқарады. Олар: Рада спикері Руслан Стефанчук, Президент кеңсесінің басшысы Андрей Ермак, Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба және Қорғаныс министрі Алексей Резников. Ал Валерий Залужный әскер басшылығында қалады.

Ал, «ауыр дертке шалдыққан» деген қауесеттер оқтын-оқтын таралып отыратын  Путин қайтыс болған жағдайда Ресей қоғамы қалай өзгермек?

«Владимир Путиннің өлімі Ресейде хаос тудырады. Бұл Украинадағы соғыстың аяқталуына әкеледі», - деп болжайды орыс жазушысы Михаил Шишкин.

Оның наурыз айында жарияланған «Моя Россия: война или мир» деген кітабында: «Аймақ губернаторлары өздерінің байлығын қорғау үшін жеке армияларын пайдаланып, өз іштерінде соғысады», - делінген.

Былтыр «Әл-Жазира» агенттігіне сұхбат берген саясаттанушы Татьяна Становая: «Егер Путин қайтыс болса, Федерация Кеңесі 14 күн ішінде президенттік сайлау жариялайды, олар істемесе, Орталық сайлау комиссиясы жасайды. Сол уақыт аралығында Премьер-министр Михаил Мишустин президенттің міндетін атқарушы бола тұрады. Алайда, Мишустин Путинге жақын адам емес, сондықтан президент болады деп күтпеу керек», - дегенді айтты.

Ал Washington Post газеті: «Ресейдің Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Николай Патрушев Кремльде үлкен ықпалға ие, ол ақыр соңында Путиннің орнын басуы мүмкін», - деп жазды.

Мичиган университетінің доценті Юрий Жуков: «Кремльде бірнеше қарсылас кландар билік үшін күреседі. Иерархияның жоғарғы жағында Патрушев сияқты арнайы қызметтердің (қауіпсіздік күштерінің) элиталық кланы және Сергей Нарышкин мен Игорь Сечин сияқты «КГБ», «ФСБ-да» тәжірибесі бар адамдар орналасқан. Сондай-ақ, Путиннің Санкт-Петербургтегі Медведев пен Дмитрий Козак сияқты бұрынғы серіктестерінің кланы бар.

Ең кішкентай әрі ең аз ықпалды клан – Алексей Кудрин сияқты либералды экономистердің кланы. Олег Дерипаски мен Роман Абрамович сияқты олигархтар Кремльді бақылайды. Қазіргі уақытта қауіпсіздік күштерінің ықпалы орасан. Сондықтан аталғандардың бірі Путиннің орнын баса қалады деу де қиын.

Путиннің орына кім келсе де, элиталар арасындағы бәсекелестік оның билікті өз қолына шоғырландыруына кедергі келтіреді», - деді Жуков.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар