Шілде айында Украинада елдің 143 бейбіт тұрғыны, оның ішінде төрт бала соғыстың құрбаны болды, ал қайтыс болған бейбіт тұрғындардың жалпы саны 9369 адамға жетті. Бұл туралы дүйсенбіде БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының кеңсесі хабарлады.
БҰҰ мәліметтері бойынша, Украина заңды билігінің бақылауындағы аумақтарда бір айда 125 адам қайтыс болған, оның ішінде төрт бала бар. Ал Ресей басып алған аумақтарда 18 ересек адам қаза тапқан.
Шілдеде қаза тапқан азаматтардың басым көпшілігі, яғни 138 адам снарядтар мен зымырандардың оғынан қаза тапты, бес адам минаға түсіп қалған.
Соғыс басталғаннан бері қаза тапқандардың 7283-і Украина билігінің бақылауындағы аумақтарда қаза тапты. Оккупацияланған аумақтарда 2086 азамат көз жұмды.
Соғыс басталғаннан бері Украинаның 16 646 бейбіт тұрғыны жараланды.
БҰҰ сарапшылары әр есебін жасаған кезде, Украинаның қаза тапқан бейбіт тұрғындарының есептегіден де көп болуы мүмкін екенін ескертеді. Өйткені оларда, Мариуполь, Лисичанск, Северодонецк немесе Попасная сияқты жерлерде қайтыс болғандар туралы нақты ақпарат жоқ. Ол жерлерде Ресейдің бомбасынан әрі қала ішіндегі шайқастардан мыңдаған бейбіт тұрғын қаза тапты.
Mezgil.kz