Әлиев: Армяндар не біздің заңмен өмір сүреді, не кетеді!

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Euronews арнасына сұхбат берді. Ол сұхбат барысында өзінің өмірлік миссиясы жайлы айтты.


Ильхам Алиев: Армения должна принять реалии и не прибегать к провокациям

 

«Біз соғысты жеңіспен аяқтадық. Біз әділдік туын желбіреттік, аумақтық тұтастығымызды қалпына келтірдік. Егер Армения бейбітшілікті қаласа, біз оған келісеміз. Өйткені біздің Арменияның аумақтық тұтастығына қатысты ешқандай сұрағымыз жоқ. Олардың да Әзербайжанға қатысты аумақтық тұтастық тұрғысынан сұрақтары болмауы тиіс», - дейді Әзербайжан президенті.

 

Президент Ильхам Әлиев Қарабақта тұрып жатқан армян өкілдерін Әзербайжанның халқы деп санайтынын айтты. Әзірге Қарабақтағы екі аудан Ресей бітімгерлік күштерінің бақылауында тұр. Олар келісім аясында 2025 жылға дейін тұрады және тараптар бейбіт келісімге қол қойса ол аумақтан шығарылады, ал келісе алмаса тағы 5 жылға қалдырылуы мүмкін.

 

«Қарабақтағы армяндар біздің халқымыз саналады. Олар Әзербайжандағы көптеген өзге этностар сияқты құқыққа ие болады. Олар бізбен бірге тұруды таңдай алады, біздің заңымызға бағынады немесе бұл жерден кетсін дегім келеді. Менің өмірлік миссиям өз Отанымыздың тұтастығын қалпына келтіру болатын, ол миссия толық орындалды деп айта аламын», - дейді Әлиев.

 

Армения мен Әзербайжан билігі бейбіт келісімге қол қоюға талпынуда. Пашинян Әзербайжанның аумақтық тұтастығын мойындайтынын айтқан болатын. Алайда Армения ішіндегі реваншистік көзқарастағы күштер бұл келісімнің іске асуына кедергі келтіруде. Реваншистік күштерді Ресей мен Иран қолдауда дейді сарапшылар.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар