Түріктің «SADAT» жасағы мен «Сұр қасқырлары»: Украина үшін соғысамыз!

Түріктің «SADAT» жеке әскери компаниясы мен «Сұр қасқырлар» топтары Украина жағында соғысып жатыр.

1690969877445295.jpg

2022 жылы радиоқабылдау қорытындысы бойынша «Сұр қасқырлардың» 3 мың адамы Польша арқылы Харьков, Одесса және Николаев бағытына жіберілген. Олардың міндетіне Байрактар дрондарын басқару, украиналық сарбаздарды диверсиялар мен соғыс жүргізу тактикасына үйрету кірген.

Кейбір мәліметтерде ұйым мүшелері Н. Челебиджихан атындағы қырым-татар батальонының негізін құрайды.

2022 жылдың күзінде «Сұр қасқырлардың» басшылығымен Украинада «жер шарындағы барлық түркі халықтарын» біріктіретін «Түркі легионын» құрылады деген ақпарат шықты. Осыған байланысты құрамына қазақтар, қырғыздар, ұйғырлар мен әзірбайжандар кіретін «Тұран» батальонының жобасын «Сұр қасқырлар» жасаған деп айтылады. Олардың жұмыс нысаны, мақсаты, нышандары бірдей болған.

Украинадағы Түркияның әскери саясатының тағы бір бейресми жетекшісі – «SADAT» ЖӘК. 2012 жылы құрылған компания өзін Халықаралық Қорғаныс және ішкі қауіпсіздік секторында кеңес беру және әскери дайындық қызметтерін жаһандық деңгейде ұсынатын Түркиядағы бірінші және жалғыз компания деп атайды. ЖӘК мүшелері Сирия мен Ливия соғыстарын басынан өткерген, жақсы дайындалған жауынгерлер. 2022 жылдың соңында оларың Украина жерінде жүргені белгілі болды.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар