Масқара: Ресей билігі Қырымда оқушыларды соғысқа даярлап жатыр

Қырым мектептерінде Кремльдің үгіт-насихаты белсенді жүріп жатыр. Украина Президентінің Қырымдағы Тұрақты Өкілдігінің дерегінше, 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап оккупацияланған Қырым мектептерінде әскери дайындық курстары өтпек.

1691051439172854.jpg

Осы мақсатта басқыншылар Калашников оқу муляждарын, гранаталар мен автоматтардың макеттерін сатып алған.

Сондай-ақ, Қырымдағы мектеп оқушылары «патриот көріну» үшін амалсыз Ресей туы бейнеленген киім киюге мәжбүр болуда. Бастауыш мектептердің бірінші сынып оқушылары Ресей Федерациясының билігімен әскери сыныптарға қабылданды. Осылайша балаларды Ресей армиясына ерікті түрде қосылуға ынталандырмақ.

Бұған дейін Қырымда 230 мыңға жуық балаға әскери үгіт-насихат жүргізілгені хабарланған. Бұл туралы Қырым татарлары халқының Мәжіліс басшысы Рефат Чубаров FREEДОМ Youtube арнасына берген сұхбатында: «Біз ата-аналарға балаларын мұндай іс-шараларға жібермеуін сұрадық. Бірақ оларға «балаңды жібермесең, ата-ана құқығынан айырамыз», - деп ультиматум қойған», - деп мәлімдеген.

2022 жылдың қарашасында Қырымдағы ресейлік басшы Аксенов 2022-2023 жылдарға арналған мектептердегі алғашқы әскери дайындық курсының бағдарламасын жариялады. Онда оқушыларды оқ-дәрілермен, атыс қаруымен қамтамасыз етіп, Ресейдің әскери нысандарына барып, атыс-соғысты үйретіп, үгіт-насихат жүргізуді көздейді.

Украинадағы ЕО өкілдігінің мәліметінше, Ресей билігі Қырымда мобилизация жасаса, Қырым татарларын Украина соғысына жегеді.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар